Атырау, 5 мамыр 08:51
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +15
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

Атырауда жұмыспен қамту басқармасының қызметкері пара алу кезінде ұсталды

4 168 просмотра

Image 0ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (МҚІ және СЖҚІА) Атырау облыстық департаментінің қызметкерлері жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының қызметкерін пара алды деген күдікпен ұстады.

Департамент басшысының міндетін атқарушы Нұрлан ҚАМБАТЫРОВ былай деп хабарлады:

- 13 мамырда МҚІ және СЖҚІА департаменті «Атырау облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ-нің шетелдік жұмыс күшін тарту бөлімінің басшысына қатысты қылмыстық іс қозғады. Ол шетелдік жұмыс күшіне жұмыс жасау рұқсатын кедергісіз, уақытында беріп, ұзартып беру үшін 481 мың теңге көлемінде пара алу кезінде ұсталған болатын. Қылмыстық іс тергелуде. Тергеу мүддесіне орай басқа ақпарат жария етілмейді.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

25 мамыр 2015, 12:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.