Атырау, 28 қараша 12:57
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Өзекке кірген балық қырылып қалды

2 366 просмотра

Құрманғазы ауданы аумағындағы Атөткел өзегінде балықтың қырылуы тіркелді. Бұл оқиға да жақында «Ақжайық» резерваты аумағындағы Шыманөзектегі балықтың қырылуына себеп болған ауаның жетіспеушілігі салдарынан орын алған екен.

Жағдайға Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар әлемі инспекциясының басшысы Мұрат ЕРМЕКҚАЛИЕВ түсінік берді:

- Бұл оқиға 12 мамырда болды. Қиғашта су деңгейі көтеріліп, бұрын кеуіп қалған Атөткел өзегіне сумен бірге балық та кірді. Өзек суы тез тартылып кетті: су топыраққа сіңіп, қалғаны буланған. Біз балықтар су мен ауаның жетіспеушілігінен қырылды деп жорамалдап отырмыз.

Ермекқалиевтің айтуынша, сараптама жасау үшін су мен балықтан сынамалар алынған, нәтижесі бір-екі күндікте шығуы керек. Сондай-ақ, қызметтік тексеру де жүргізілді:

- Инспекторларымыз өзекті өлген балықтардан тазарту бойынша дер кезінде шаралар қабылдамаған. 5 күн бойы өздерінің тікелей жұмыстарымен айналыспаған, нәтижесінде оқиға елге жайылды. Кінәлілер жауапқа тартылатын болады.

Бүгінде өзек тазартылды. Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі инспекциясының есептері бойынша, өзекте 21 мыңнан астам дана, шамамен 2,5 тонна ұсақ балық қырылған.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

Суреттерді оқырманымыз жіберді

21 мамыр 2015, 17:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.