Атырау, 28 қараша 12:49
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

​Қызыл Жарты ай Қоғамы арқылы көмектесуге болады

3 886 просмотра

Image 0Осы қайырымдылық ұйымының Атырау филиалында 12 мамырда нөсер жауыннан зардап шеккен атыраулық тұрғындарға гуманитарлық көмек қабылдау бекеті ашылды. ТЖД деректері бойынша, барлығы 508 отбасы зардап шеккен.

- Біз әлеуметтік желілер арқылы қала тұрғындарына осы зардап шеккен адамдарға қолдан келер көмектерін көрсету туралы хабарлар тараттық. Суға кеткен үйлер тұрғындарының көпшілігі ең қажетті заттарынан айырылған. Бүгінде оларға көрпе-көпшік, төсек жаялықтары, гигиена құралдары, азық-түлік және киім керек, - дейді ҚР ҚЖҚ Атырау облыстық филиалының директоры Айгүл ҚҰЛТАНОВА. – Шыны керек, атыраулықтар белсенді емес. Телефон соғады, сұрайды, бірақ бірен-сараны ғана келеді. Көпшілігі әлеуметтік желілер арқылы бастамашыл топтарға бірігіп, зардап шеккендерге өз беттерінше көмек көрсетіп жатқан сияқты. Бүгінгі таңда NCOC қызметкерлері үлкен көмек көрсетті. Олар азық-түліктер сатып алып, біздің қабылдау бекетімізге әкеліп тастады. Еріктілер барлығын жинақтап, орап қойды, енді жақын уақытта мұқтаждарға таратылатын болады. Сонымен қатар, алматылықтар да көмек қолын созып жатқанын естідік, олар ҚЖҚ-ның Алматы филиалы арқылы гуманитарлық жүк жинапты. Ол Атырауға жақын арада келеді.

Зардап шеккен қалалықтарға көмектескісі келетіндер Островский көшесі, 4 «а» мекенжайында (ТЖД қасындағы Салауатты өмірді қалыптастыру орталығының ғимараты) орналасқан ҚЖҚ Атырау филиалының кеңсесіне хабарласуға болады. Тел: 8 778 180 08 12

Тамара СУХОМЛИНОВА

21 мамыр 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.