Қала тұрғындары хаттарының негізінде таңдалды.
Нұрсаяда жылу трассасының жабындысы сегіз жасар баланы басып қалып, кейін ол ауруханада көз жұмған сәуір айындағы қайғылы оқиғадан кейін біз әлеуметтік желілерді пайдаланушылардан, олардың пікірінше, қаладағы қауіпті жерлерді атауды өтінген едік. Көп хаттар алдық. Коммуналдық қызметтердің жұмысын айқын дәлелдейтін олардың кейбіреуін назарларыңызға ұсынамыз.
«Облыстық әкімдік маңындағы алаңда тот басып майысқан мына пластинамен ескі шам бағандарының ба, әлде суарма коммуникациясын ба, қандай шұңқырдың үстін жауып тастағаны түсініксіз. Бірақ балаларыммен серуендеп жүріп, осы жерге келгенде тіксініп қаламын», - деп жазады қала тұрғыны Раушан ҚҰСАЙЫНОВА.
Қыста Бейбітшілік даңғылы, 70 мекенжайындағы жаң тұрғын үй тұрғындары аулаларындағы кәріз құдығы орналасқан жердің асфальты опырылып қалғанын байқады. Бұл туралы олар кідірмей «Атырау Су Арнасы» КМК-не хабарлаған. Сол жерге жеткен Су Арнасы қызметкерлері тесікті шеремен (фанера) жауып тастап, үстіне кәріз қақпағын қойған.
Балықшы бағындағы балалардың ойын алаңы. Әткеншектердің күйі кішкентай қала тұрғындарының өмірі мен денсаулығына қауіп төндірері анық.
Былтырдан бері Исатай мен Махамбет алаңындағы гүлзарлардың маңында суару жүйесінің бүгіліп майысқан тұрбалары жан-жаққа сорайып жатыр. «Кенет біреу сүрініп, осындай тұрбаға құласа ше?» - деп алаңдайды қала тұрғыны Әлібек.
Құлманов көшесінің бойындағы кеңселердің бірінің жанындағы кәріз құдығы қызық тәсілмен жабылған. Бәлкім, аса қауіпті емес шығар, алайда бұл жердегі ауадан жағымсыз иіс шығады.
Авангард 3-ықшам аудандағы №6 үйдің жанындағы жаяу жүргінші жолының қасына коммуналдық қызметкерлер тереңдігі бір метрден асатын шұңқыр қазып тастаған. Екі қазықшаға қызыл пакеттерді байлап, шұңқыр арқылы «ұқыптап» тақтай төсеп қойған.
Тағы бір құдықты коммуналдық қызметкерлер жартылай сынған екі бетон жабынмен жауып қойған. Мұның қаншалықты қауіпсіз екенін тек болжау ғана қалып отыр.
Қалада сымдары сыртына суырылып шығып жатқан шам бағандары жетерлік. Мәселен, орталық көпір маңындағы жағалауда тұрған баған. Немесе ата-аналар балаларымен серуендегенді ұнататын мына Балықшы бағындағы баған.
Дайындаған Тамара СУХОМЛИНОВА
Суреттерді түсірген автор