Атырау, 28 қараша 12:52
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

​Мектеп бітірушілердің ата-аналары үшін сабақ

3 117 просмотра

Image 016 мамыр күні Атырау облысында, бүкіл Қазақстан бойынша сияқты, үлкен ата-аналар жиналысы өтеді: психологтар түлектер ата-аналарына балаларын ҰБТ-ға қалай дайындау керектігін, бала психологиясына қатты әсер етпеу жөнінде кеңестерін береді.

- Ата-аналар арасында ҰБТ-ға әр түрлі қарым-қатынас бар: біреулері мүлдем қызығушылық танытпаса, бірі әбден мазасызданады, - дейді облыстық білім беру басқармасының әдіскері Әлия ОМАРОВА.Кейбір ата-аналар балаларын жоғары бал жинау керек деп қыспаққа алады. Күткендегідей нәтиже болмаса, жанжал туады. Мұның бәрі балаларда емтиханға деген жағымсыз қарым-қатынас тудырып, мазасыз жағдай қалыптасады. Осындай келеңсіздіктерге жол бермес үшін «Ата-аналарға жасөспірімді ҰБТ тапсыруға дайындауда психологиялық көмек» деп аталатын республикалық конференция құрылды.

Білім беру басқармасының бөлім басшысы Байжан ШАМҰРАТТЫҢ айтуынша, бұл конференция екінші рет өткізілгелі отыр және оны Отбасылық тәрбие институты білім министрлігімен бірге ұйымдастырады.

Биыл жиналыс Атыраудың 11 мектебінде (№№ 2, 3, 6, 10, 11, 18, 30, 32, 34, Жұмыскердегі Исатай Тайманұлы атындағы орта мектеп және облыстық Кіші өнер академиясы мектебі) және барлық жеті аудан орталықтарында өтеді.

Бұл шара қалай өтеді: ата-аналар білікті психологтардың емтиханға дайындалу және тапсыру кезіндегі қиындықтарды қалай жеңу керектігін түсіндіретін сабаққа жиналады.

- Біз ата-аналардың көзін көптеген мәселелерге ашамыз деп үміттенеміз, - дейді облыстық білім беру басқармасындағылар. – ҰБТ-ға бір ай қалды...

Үстіміздегі жылдың ақпан айында Доссордағы 11-сынып оқушысының өзі-өзіне қол жұмсағанын әлі ешкім ұмыта қоймаған болар. Қыз бала ешқандай хат жазып қалдырмаған. Алайда өлім себептері нұсқаларының бірінде сынақтық ҰБТ барысында математикадан төмен бал жинағаны айтылады.

2014 жылы жасөспірімдер арасында үш суицид және 50 өзін-өзі өлтіру әрекеттері жасалған. Әрине, себептер әр түрлі болуы мүмкін, алайда, сақтансаң, сақтармын деген бар ғой.

Анастасия ПАСТУХОВА

19 мамыр 2015, 13:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.