Молдавияда Кишиневтің апелляциялық палатасы ресейлік әнші Жасминнің күйеуі, танымал бизнесмен Илан Шорды үйқамаққа алу туралы сот үкімін өзгеріссіз қалдырды, деп хабарлайды tass.ru.
Оған үш молдавиялық банктен жалпы алғанда $1 млрд қаржы жылыстатты деген айып тағылып отыр.
3 мамырда Кишиневте өткен мыңдаған адам қатысқан шеруден кейін Молдавияның Banca de Economii, Banca Socialа және Unibank банктеріне қатысты шу қайта өршіді. Оның қатысушылары жергілікті саясаткерлерді $1 млрд қаржының елден тоналуына қатысы бар деп айыптады. Осыдан кейін 4 мамырда парламент өкілі Андриан Канду үкіметтің тапсырысымен әзірленген Kroll халықаралық детективтік бюросының құпия есебін Интернеттегі жеке блогына жариялаған. Онда қыруар қаржы Шордың компаниялары арқылы тоналғаны анық көрсетілген.
Ресейлік танымал әнші Жасминнің күйеуі Илан Шор Молдавияның ең дәулетті азаматтарының үздік ондығына кіреді. Ол 27-де, Молдавиядағы салықсыз сауда жасайтын дүкендер желісін басқаратын Dufremol компаниясының жетекшісі, сондай-ақ әкесі қайтқаннан кейін оның бірқатар ірі кәсіпорындарына ие болып қалды.
Құпия есеп желіге таралған соң ол жауап алу үшін полицияға жеткізілді. «Банкті инвесторлар келмей тұрып тонай бастаған, - деп мәлім етті соңынан журналистерге шыққан Шор. – Біз осы «ойықты» бүгінге дейін бітеп келдік. Қазір тергеумен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасап жатырмыз және басқалар тәрізді біз де шындықты білгіміз келеді – 1990 жылдардан бастап кім банкті тонап келген?».
Қазіргі уақытта бизнесмен сот үкімімен 30 тәулікке үйқамаққа алынды.
Дереккөз:bnews.kz
19 мамыр 2015, 09:50
Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.
Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.