Атырау, 25 қараша 18:53
 ашықВ Атырау -4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Қытайда орын алған су тасқынынан 700 мыңнан астам адам зардап шекті

2 471 просмотра

Image 0Алматы. 19 мамыр. ҚазТАГ – Хунань провинциясы мен Гуанси-Чжуанский автономды ауданында орын алған су тасқынынан 700 мыңнан астам адам зардап шекті, деп хабарлады Синьхуа агенттігі.

«Толассыз жауған нөсер салдарынан Хунань провинциясы (Орталық Қытай) мен Гуанси-Чжуанский автономды аудандары (Оңтүстік-батыс Қытай) апатты жағдайға тап болды. Хунаньда 400 мыңнан астам адам зардап шексе, Гуанси-Чжуанский автономды ауданында 300 мыңнан астам адам», - делінген жарияланымда.

Хунань провинциясындағы су тасқыны мен құрғақшылыққа қарсы шаралар қабылдау жөніндегі штаб ақпарынша, 14 мамырдан бері толассыз жауып тұрған жауын салдарынан 407 мың адам зардап шеккен. 6650 адам шұғыл түрде эвакуацияланған, 330 тұрғын жайлар бұзылған, 185 ауыл мен елдімекендердегі 24,5 мың га ауыл шаруашылық дақылдарына зардап келтірілген.

Гуанси-Чжуанский автономды ауданының ақпарынша, нөсер жаңбыр 15 мамырдан бері жауып тұр, 319,7 мың адам зардап шегіп, 6645 адам шұғыл түрде эвакуацияланған, 25,46 мың га ауыл шаруашылық дақылдарына зиян келтіріліп, 2,71 мың га егістік жойылып, 187 шаруашылық аулаларындағы 455 тұрғын жай бұзылған.

Дереккөз: ҚазТАГ

19 мамыр 2015, 09:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.