Бұл суреттерді маған танысым, «АЖ»-ның байырғы оқырманы жолдады. Жылқы мен сиырдың шіріген өлекселері Еркінқаладағы Жайық тармақтарының бірінің екі жағалауында, олардың түріне қарағанда, көптен бері жатқанға ұқсайды.
Облыстық ТЖД басшысының орынбасары Абай СҮЛЕЙМЕНОВКЕ комментарий алуға хабарласқанымда, ол бұл проблеманы жою – Еркінқала селолық округінің жергілікті атқарушы органының тікелей міндеті екенін хабарлады. Құрметті округ әкімі Ерғали ТАПАНОВ, мұндайды алып тастау керектігін қаперіңізге береміз.
Сондай-ақ, бұл фактілер ветеринарлық қызметке де қажет болуы тиіс деп жорамалдауға негіз бар.
Зульфия БАЙНЕКЕЕВА