Сенбі күні Атырауда 200 мемлекеттік қызмет өкілдері (тұтынушылар құқығын қорғау департаменті, мемлекеттік кіріс департаменті, әділет департаменті, атқарушы органдар қызметкерлері) жемқорлыққа қарсы ұрандатып, Сәтпаев даңғылына шықты.
Іс-шараны Атырау облысы бойынша мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет агенттігі мен «Төртінші билік» ҚБ ұйымдастырды. Департамент басқармасының басшысы Шыңғыс ӘЛЕКЕШЕВТІҢ айтуынша, «Таза қол» акция-флешмобының негізгі мақсаты – «сыбайлас жемқорлықпен күрес үдерісіне бұқараны тарту, халық арасында жемқорлыққа қарсы сана-сезім мен оған төзбеушілік ауанын жасау».
Көшедегі басқа адамдарға түсінікті болу үшін белсенділер осыған сәйкес, ұранды сөздер жазылған транспаранттар дайындап және оны дауыстап айтып, өз қолдарының пара алудан таза екендігін білдіру үшін барлығы ақ қолғаптар киіп шықты.
Шеру «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы кеңсесінің алдында аяқталды. Осы жерде Кіші өнер академиясы мен қала әртістерінің қатысуымен концерт өтті.
Анастасия ПАСТУХОВА
Суретті түсірген автор