Атырау, 28 қараша 12:42
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Азғыр: бірнеше фактілер

2 434 просмотра

Image 0Азғыр халқы өркениеттің игілігін көрмейді. Кеңес жылдары 17 жерасты ядролық сынақтарын жүзеге асырған өңірдің ахуалын Құрманғазы аудандық мәслихатының депутаты, «Нарын» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мансұр ҚУАНШАЛИЕВ осылай сипаттады. Біз онымен Астанадан келген комиссия жергілікті тұрғындармен кездесер алдында әңгімелескен едік.

Сәуірде облыстық мәслихат сессиясында облыс әкімі Бақтықожа ІЗМҰХАМБЕТОВ Азғырды «стратегиялық өңір» деп атап, ол жақтан халық әлеуметтік жағдай нашар болғандықтан кетіп жатыр деген еді.

Биыл біз 10 млрд теңге сомаға өңірді газдендіру жобасын бастаймыз. Бұл жердің иесіз қалуына жол беруге болмайды, - деп мәлімдеген еді сол кезде облыс әкімі.

…90-жылдары бес мың адамды құраған Азғыр ауылдық округінің халқы бүгінгі күні үштен екіге дейін азайған. Тоғыз елді мекенде жұмыс болмағандықтан жастар жоқтың қасы деуге болады. Облыс әкімі айтқан газ құбырын жобалауға (оның құрылысы шамамен ағымдағы жылдың маусымында Құрманғазы ауданы Ақкөл селосында басталады) облыстық бюджеттен 178 млн теңге бөлінді.

Ал әзірге газ жоқ, бұл жердегі ең өтімді өнім, әсіресе қыста – қойдың кепкен қиы. Бір машина қи 10 мың теңге тұрады.

…Қуаншалиевтың айтуынша, жерасты көздерінің суы оның құрамында стронций, марганец, темір, радий-222 және басқа заттар болғандықтан «жылтырап» көрінеді. Бірақ Қоянды – Сүйіндік – Балқұдық топтық су құбырының құрылысы жақында ғана аяқталды. 25 мамырдан бастап нысанды қабылдаумен мемлекеттік комиссия айналысады. «Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша тұрбаларды ауыл тұрғындарының үйлеріне дейін жүргізу үшін облыс бюджетінен қосымша 18 млн теңге бөлінді.

…Азғыр мен Ганюшкин аудан орталығы арасындағы 242 шақырым жерді жолсыз деуге болады. Жүкті әйелдер бұл жолмен перзентханаға баруға қорқады».

Бұл жас отбасылардың өңірден қашуының бір себебі.

…Ұялы байланыс сенатор Сәрсенбай ЕҢСЕГЕНОВТІҢ ыждағаттылығының арқасында Азғырға 2010 жылы келген. Алайда байланыс тек Азғырдан аудан орталығына дейінгі ұзақ жолдың бас жағында ғана бар. Сондықтан тұрғындар халық қалаулысынан осымен тоқтап қалмай, кем дегенде Азғыр мен Ганюшкин ортасында орналасқан Асан селосындағы байланысты жолға қоюды өтініп отыр.

…Егер кімде-кім жолға шығуды ұйғарса, бұл жерде жанармай құю бекеті жоқ екені естеріңізде болсын. Өңірде үкімет бекіткен шекті бағаға пысқырып та қарамай, АИ-92-нің бір литрін 130 теңгеден сататын алыпсатарлар бар. Бұл Атырауға қарағанда үштен бір есеге қымбат.

…Өңір электр қуатын Ресейден алады. М.Қуаншалиевтің айтуынша, Ресейдің тогы «Атырау Энергосату» ЖШС тұтынушыларына сататын токтан қымбатырақ. Алайда жеткізілген энергия үшін азғырлықтар жалпы тариф бойынша төлейді. Ал айырмашылық энергішілер үшін облыс бюджетінен төленеді. Ганюшкин селосынан 90 шақырым жердегі Қошалақ ауылында мүлдем электр қуаты жоқ. Ауылда мектеп пен шалғайдағы жайылымда жұмыс істейтін қойшылардың балаларына арналған интернат бар. Қараңғы кезде әкімшілік генераторды қосады. Бұл жақтың балалары үнемдеуді ерте жастан танып біледі, өйткені оларды ұйқыға ерте жатқызады.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

18 мамыр 2015, 16:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.