16 мамырда Таразда футболдан ел чемпионатының 12-туры аясында «Атырау» алаң иелерін 1:0 есебімен жеңді.
Қонақтар ойынның 6-минутында гол соқты – бұрыштама добы берілгенде Берік АЙТБАЕВ допты маңдайша астынан тоғытты. Осы голдан кейін ойын алма кезек шабуылдарға ұласса да, доп қақпаға дарымады. Бұл турдан кейін «Атырау» турнир кестесінде екінші орынға көтерілді.
Естеріңізге салсақ, «Атырау» командасын жаттықтыруды 2014 жылдың аяғында белгілі қазақстандық бапкер, 70-80 жылдарда «Қайрат» сапында өнер көрсеткен Владимир НИКИТЕНКО өз қолына алған болатын. Ол кезінде, «Атырау» екі рет күміс жүлдегер атанған 2000 жылдардың басында командада жұмыс жасаған еді.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ