Атырау, 25 қараша 18:40
 ашықВ Атырау -4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

2017 жылға қарай мұнайдың әлемдік бағасы $80 көтерілуі мүмкін

2 595 просмотра

Image 0Иранға қатысты санкция алынып тасталғаннан кейін мемлекет тәулігіне 2,5 млн баррель мұнай өндіру деңгейіне үш айда жетеді, деп мәлім етті Иран мұнай министрінің орынбасары Рокнеддин Джавади. Сондай-ақ ол 2016 жылдың соңына қарай қара алтын бағасы барелліне 80 долларға дейін көтерілуі мүмкін деген болжамымен бөлісті, деп хабарлайды Reuters.

Министр орынбасарының айтуынша, ахуал нарықтағы баға мен жағдайға тәуелді болғанына қарамастан, Иран сауда-саттықты жандандырып, тәулігіне 2,5 млн баррель мұнайды экспорттайтын болады. Ол сондай-ақ экспорттың 50 пайызы Азия елдеріне тиесілі болады деген ниетте.

ОПЕК мұнай бағасын ұстап тұру үшін өндіріс көлемін азайтуы мүмкін бе деген сұраққа Джавади: «Мен олай ойламаймын», - деп жауап берді.

2 сәуірде Лозаннада Иран мен халықаралық делдалдар «алтылығы» Иранның ядролық бағдарламасына қатысты ортақ шешімге келді. Келісім аясында, Иранның уран байыту мүмкіндігі шектеліп, оның қоры елден тыс шығарылатын болады. Бейбіт ядролық бағдарламаның өтемі ретінде Тегераннан бұған дейін салынған барлық санкциялар алынып тасталады.

Санкциялардың кесірінен Иран өндірген отынының 60 пайызын экспорттау мүмкіндігінен айырылған еді.

Дереккөз: bnews.kz


18 мамыр 2015, 10:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.