«Ақжайық» резерваты аумағындағы балық жүретін Шыманөзек каналында қара балықтардың жаппай қырылуы тіркелді.
Бұл ұзындығы 250 метрдей болатын, Жайық өзеніне құятын жүздеген кішкентай өзекшелердің бірі. Алдын ала мәліметтер бойынша, 2 тоннадай балық өлген, негізінен бұлар табан, мөңке және қаракөз балықтар.
«Ақжайық» резерватының директоры Арман ҚҰРМАНБАЕВ өз аумағындағы балықтардың жаппай қырылу фактісін растады және резерваттың, ихтиология институтының, Атырау аумақтық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының, «Қазгидромет» РМК өкілдерінен тұратын арнайы комиссияның құрылғандығын хабарлады.
- Себебі әзірге белгісіз, комиссия өкілдері зерттеу үшін барлық қажетті шараларды алуға тиіс, - дейді Құрманбаев.
Жұмыс жорамалдарының бірі – оттегінің жетіспеушілігінен ашығу, яғни, жаңбыр суы лық толғандықтан каналда балық көп жүрген. Оның көптігі оттектің тапшылығын тудырып, балық қырылған.
Зульфия БАЙНЕКЕЕВА