Баспанасыз қалған 100 жастағы Мақтым ИБАҒАЛИЕВА туралы жарияланымымыздан кейін («Мақтым әженің өмірі мен тағдыры» мақаласын қараңыз) оған көмектескісі келетін көптеген оқырмандарымыз пікір қалдырды. Редакцияның ережелері бойынша, біз өз атымызға есепшот ашпаймыз, мұндай қаржылық операцияларды жасамаймыз, сондықтан да мен мұны жасауды қайырымдылық көмек көрсетумен айналысатын, облысымызға белгілі ерікті Ерлан КҮМІСҚАЛИЕВҚА өтіндім. Біздің талай рет жарияланымдарымыздың қаһарманы болған Ерлан қазір өзі құрған, БЦС дертіне шалдыққан балаларға тегін көмектесетін «Атырау. Маленькая страна» қоғамдық бірлестігін басқарады. Алдын ала келісім бойынша банк есепшотқа барлық келіп түскен қаражаттар туралы мәліметтерді беріп тұратын болды. Біз бұлар туралы жариялап отырамыз.
Есепшот теңгемен жеке тұлғаға ашылған. Аударымның тағайындалымы – «қайырымдылық» немесе «материалдық көмек». Есепшотты «Форте банктің» кез келген бөлімшесінен касса арқылы да, терминал арқылы да толтыруға болады.
"ForteBank" АҚ (Атырау қ., Азаттық даңғылы, 70 А) атыраулық банкі филиалында Ерлан Асылбекұлы Күмәсқалиевтің атына ашылған ағымдағы есепшот туралы ақпарат.
Ағымдағы есепшот (IBAN шот) вKZT:KZ669651000007163286
SWIFT код:IRTYKZKA
Банк БСН-і:031141001173
Банк СТН-і:031141001173
Зульфия БАЙНЕКЕЕВА