Атырау, 25 қараша 18:36
 ашықВ Атырау -4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Кабулда болған лаңкестік кезінде қазақ қызы қаза тапты

2 754 просмотра

Image 0«Талибан» содырларының Ауғанстан астанасындағы қонақ үйлердің біріне жасаған шабуылынан қаза тапқандардың саны 14 адамға жетті. Белгілі болғандай, құрбандардың арасында 48 жастағы италиялық Сандро Абати мен оның қазақстандық құрбысы бар, деп хабарлайды BNews.kz.

Ауғанстан астанасында қонақ үйлердің бірін лаңкесшілер басып алып, салдарынан қаза болғандардың саны 14 адамға жетті, тағы бірнеше адам түрлі деңгейде жарақат алған. Бұл шабуылға қатысты жауапкершілікті «Талибан» содырлары өз мойындарына алып отыр.

Бейсенбі күні Италияның сыртқы істер минитстрі Паоло Джентилони Абатидің отбасына ел үкіметі атыннан көңіл айтып, қайғыларына ортақтасты.

«Мен Альцано-Ломбардо қаласынан шыққан Сандро Абатидің Кабул қаласындағы шетелдіктерге арналған қонақ үйде лаңкестік салдарынан қаза табуына байланысты оның отбасына үкімет атынан көңіл айтамын», - деді Джентилони.

Қолда бар ақпаратқа сәйкес, Абати Ауғанстанда инвестиция мәселелерімен айналысқан агенттіктің кеңесшісі болып қызмет атқарған. Ол Кабулда қазақстандық құрбысымен бірге жүрген.

Кеше кешке Кабул қонақ үйлерінің біріне бірнеше қарулы адам басып кіріп, ондағыларды тұтқынға алған. Ол жерде шетелдік қонақтардың қатысуымен концерт өтуі керек болатын. Ауғанстан қауіпсіздік күштері ғимаратты қоршауға алып, бес сағаттан кейін шабуыл жасап, лаңкестерді басып алды. Операция барысында бір лаңкес көз жұмды, қалғандары туралы еш мәлімет жоқ.

Кабулдағы Үндістан елшілігі лаңкестердің көздегені Үндістан елшісі болды деп отыр. Ол сол күні арнайы ұйымдастырылған концертке қатысуы керек еді.

«Талибан» сәуір айының соңында жаңа шабуылдар ұйымдастыратындары туралы ескерткен болатын. Олардың нысанасына мемлекеттік мекемелер, шетелдік дипломатиялық миссиялар мен ауған қауіпсіздік күштері ілігіп отыр.

Дереккөз: bnews.kz


14 мамыр 2015, 16:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.