"Терминатор' фильмінен алынған кадр
Жаңа Зеландияның Touchpoint компаниясы әлемдегі ең «қатыгез» робот жасап шығаратынын мәлім етті. Ондай роботтардың мүмкіндіктері мен теріс эмоциялары жайында The Telegraph басылымы ақпар таратты.
Touchpoint өз жобасына жарты миллионға жуық қаржы құйып отыр, машина 2015 жылдың соңында дайын болады. Оның қаншалықты қатыгездігіне қарамастан, әрекетінен ешқандай қауіп-қатер күтудің қажеті жоқ. Бар-жоғы, оның мәліметтер базасына ашушаң клиентті сабасына түсіретін миллиондаған ауыр сөздер жүктеліпті-міс. Сондай-ақ ол өзі әңгімелесіп тұрған адамның қылығын қайталап, еліктеуге бейімделген.
Оксфорд университетінің футурологі Стюарт Армстронгтің айтуынша, «қатыгез» роботтан қорқуға еш негіз жоқ.
«Қатты ашуланған адамнан біз неге қорқамыз? Себебі ол осындай күйде кез келген опасыздыққа баруы мүмкін. Ал роботтар ондай емес. Олар өлтірем деп немесе ондаған ашуға толы твит жазып әуреленбейді. Яғни, ашуға булыққан адамның әрекетін қайталай алмайды, тек өзінің мәліметтер базасына жүктелген әрекеттерді жасайды», - деп түсіндірді ғалым.
Дереккөз: bnews.kz
14 мамыр 2015, 15:49
Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.
Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.