Атырау, 17 мамыр 15:26
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +15
$ 441.58
€ 480.00
₽ 4.86

Қуыршақ шеберлерінде қонақта

4 376 просмотра

Image 0Қазіргі уақытта «қуыршақ» деп айтқанда көз алдымызға бала күнімізде ойнаған сары шашты томпақ қыз келеді, содан кейін ғана қуыршақ театры, дәлірек айтсақ, қуыршақтар театры деп аталатын жер есімізге түседі.

Қуыршақтарды ойнату өнері біз ойлағандай оңай нәрсе емес: сезім мен іс қимылды қуыршақ арқылы көрсеткеннен өзің жасағаның әлдеқайда оңай.

Қаламызда осы іске шын берілген адамдар бар.

Құрманғазы атындағы мәдениет үйінде 20 жылдан бері (ертегі кейіпкерлері мекен ететін жердің тарихы ол келместен көп бұрын басталған) Инна Викторовна МЯГКОВА жетекшілік ететін ерекше бір ауанды орын бар. Бұл жер шеберхана сияқты, мұнда қашан көрсең де шаңды матаның, кейде желімнің иісі шығып тұрады әрі іші сондай жылы. Таңертеңнен кешке дейін өз кеңселерінде жұмыс жасайтын адамдар сияқты өз туындыларының, Айболиттен Бауырсаққа дейін түрлі қуыршақтар салынған қорапшалардың ортасында ескі үстелде отыратын адамдар бар. Осы шағын әлемнің бір бөлігі болу үшін арнайы мамандық иесі болудың керегі жоқ. Ұшқыр ойың, сабырлық және жұмысқа деген ниетің болса болды.

Қуыршақтар театрының команда құрамы бірнеше рет өзгерді, адамдар келді-кетті. Қазір топта алты адам бар, оның үшеуі – мектеп оқушылары. Қуыршақтарды басқару оларды несімен қызықтырады? «Мен үшін бұрын білмеген заттарды білу, жаңа нәрсе үйрену қызықты. Кейде мен әлемді қуыршақтардың көзімен көретін сияқтымын», - дейді 10-шы сынып оқушысы К. Авдеев. «Бәрі адамдармен қарым-қатынас жасауда деп ойлаймын. Мен осы жерде өте қызықты адамдармен таныстым», - дейді 9-шы сынып оқушысы А. Калентьева.

Инна Викторовна қуыршақтар театрына қатысушылардың көбі балалардың қойылымды қалай қабылдап жатқанын көру үшін жапқыштың саңылауынан тамашалағанды жақсы көретінін айтады. Қуыршақтар театрына қатысушылар кейіпкерлерінің дауысын өздері келтіреді, ал Инна Викторовна балаларға қызықты болатындай, танымдық және тәрбиелік жағынан үлгі болатындай сценарийлер жазады.

Дегенмен, бұл театрдың мүмкіндіктері шектеулі. Қаражат, материалдар, жұмыс жасайтын кеңістік жетіспейді. Алайда қарап отырған жоқ: ескі ойыншықтарды кері тігіп, жарқын, көңілді кейіпкерлер жасайды. Ал адамдардың жетіспеушілігін шешу қиындау. «Адамдардың көбі осындай «көлеңкедегі жұмысты» жасағысы келмейді, барлығы жарыққа шығып, сахнаның артында қалғысы жоқ, - дейді И. Мягкова. – Иә, сосын қазір жастар театрға көп қызықпайды ғой».

Қуыршақтар театрының қызметкерлеріне қазіргі заманда жұмыс жасау қиын болса да, олар өз істерін жалғастырып келеді. Олар жасамағанда, кім жасайды?

Көптеген қуыршақтар өмірге келген, достық ауанға толы осы шағын бөлмеде И.В. Мягкова, И.Д. Ухова, П.Е. Скляренко және оның көмекшілері әрі қарай да ертегі қойылымдарын жасай береді. Балаларды мейірімділікке («Доктор Айболит»), достыққа («Таңғажайып гиппопотам»), тіпті жол қозғалысы және өрт қауіпсіздігі ережелеріне («Автомобильден сақтан», «Мысықтың үйі») үйретеді.

Олар тек балаларға арнал-ғандай болып қабылданатын әлемге әлі болса да қызығушылық тудырады деп үміттенеді.

Катя НЮ

Суретті түсірген автор

14 мамыр 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.