Атырау, 17 мамыр 14:07
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +15
$ 441.58
€ 480.00
₽ 4.86

​Қолөнерші подиумға шықты

2 472 просмотра

Image 0Астанада өткен «Astana fashion weekend» қазақстандық киім және аксессуарлар дизайнерлерінің көрмесіндегі жетістіктерінен кейін атыраулық ісмер Ирина НЕЙБАРТ Астраханда өткен Каспий сән апталығына барып, балаларға арналған өз киімдер коллекциясын көрсетті.

- Мен өзімнің киім коллекциямды жасау туралы ойыммен ұзақ, он жылға жуық уақыт жүрдім. Осы уақытқа дейін тіге алатынымды ешкімге де айтпаған едім. Айналамдағы адамдар менің тоқумен, «кардмейкингпен» (құттықтау хаттарын қолдан жасау техникасы), скрапбукингпен (фотоальбомдарды безендіру), квиллингпен (жіңішке қағаз тілімдерімен ойыншықтар, суреттер әзірлеу), декупажбен (суреттерді, ою-өрнектерді қосып, түрлі бұйымдарды әшекейлеу) айналысатынымды ғана білетін. Алайда бастап кетуім мұң екен, бәрі тез қозғалып кетті: сән көрмелері, фотосессиялар, модельдер...- дейді Ирина.

Каспий сән апталығы туралы жас модельердің өтінімдерді тіркеу аяқталуға екі күн қалғанда естіп, сол бойда қатысуға шешім қабылдағанына бірден сене қоймассыз. Сол сәтте ол көрсеткелі отырған жаңа балалар коллекциясы қағаз бетіне де түсірілмеген еді. Ересектер коллекциясын тағы апарып көрсетуге болар еді, алайда неге балаларға арналған үлгілерін ұсынуды шешкенін Иринаның өзі де түсіндіре алмайды. Жай ғана шабыты көтеріліп, ең алдымен өзін сынап көргісі келді. Ол бұған қол жеткізді! Екі аптада ол кәсіби тігінші анасымен бірге 11 дайындады.

- Сән апталығына барлық Каспий маңы елдерінің модельерлері қатысты. Мен осындай кең ауқымды оқиғаға қатысқанымнан үлкен ләззат алдым. Өзім сияқты жаңа бастаған, сондай-ақ, тәжірибелі дизайнерлермен таныстым, олардың өз бұйымдарын қалай әдемі көрсете білетіндіктеріне көз жеткіздім. Коллекцияларды көрсету кезінде сахна сыртында тұрғанмын, алайда барлық бастамаларымда қолдау көрсететін жұбайымның қуанышты көздерін көріп, бәрі керемет өткенін түсіндім! – деп әсерлерімен бөлісті Ирина. Әрине, бұл жерде балалар коллекциясын тек екі дизайнер ғана ұсынды және оны Астрахан модель школының балалары көрсетті. Байқаудан кейін Ираға коллекциясын шоу-румда сатылымға шығаруға ұсыныс түсті. Алайда дизайнер өзінің әдемі көйлектерінен айырылғысы келмеді.

Бұл жетістік Иринаға қанат бітіріп, өз жолы осы екендігіне әбден көзін жеткізді. Алға қарай ол шеберхана ашып, өз клиенттерін эксклюзивті модельдермен қуанта бермекші.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

14 мамыр 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.