Атырау, 23 қараша 06:25
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Соғыс туралы қойылым

4 010 просмотра

Image 0Атырау қаласындағы ағылшын тілін тереңдетіп оқытатын орта техникалық гимназияның жоғары мектеп оқушылары Борис Васильевтің «А зори здесь тихие» повесінің желісі бойынша қойылған спектакльде қызыл әскерлер мен фашистердің рөлін сомдады.

9 «Б» сыныбының сынып жетекшісі (қоюшы режиссері) Роза ДӘУЛЕТИЯРОВАНЫҢ айтуынша, қойылым сценарийін оқушы Катя НЮ жазған, ал қалған балалар мен қыздар атақты повестің бас кейіпкерлерін шебер ойнады.

- Бұл олардың алғашқы әртістік тәжірибесі, – дейді Р.Дәулетиярова. – Балалар екі айдан астам уақыт бойы дайындалды, әрине, толқу да болды. Осы пьеса үшін декорация дайындалды, біз, сондай-ақ, орманның, батпақтың, атыстың дауысын дәл жеткізгіміз келді.

Гимназияның акт залына жиналған ата-аналар осы қайғылы оқиғаның кейіпкерлерімен бірге қатты қайғырды. Спектакль өте сәтті өтті.

...мектеп әртістері өмірмен қоштасу сәттерін де қолдарынан келгенше шынайы ойнап, жеткізуге тырысты. Ал старшина Васковты сомдаған бала шығарманың «...Соня талай баланы дүниеге келтірер еді, ал олар өз кезегінде немере мен шөбере сыйлар еді, ал енді осы ұрпақтар сабақтастығы үзілді. Адамзат өміріндегі осы шексіз тізбек пышақпен кесілгендей...» деген басты ойын жеткізе білді.

- Ұлы Жеңістің мерейтойы жылында осы оқиғадан шет қала алмадық,- дейді Р. Дәулетиярова. – Бұл жеңістің қандай ауыр жолмен келгенін балаларымыз бен көрерменге сезіндіру маңызды болды.

Анастасия ПАСТУХОВА

Суретті түсірген автор

14 мамыр 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.