Атырау, 23 қараша 05:50
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

«Не? Қайда? Қашан?» ойынының көктемгі маусымы басталды

5 519 просмотра

Image 02 мамырда Атырау қаласында «Не? Қайда? Қашан?» зияткерлік ойыны жаңа маусымының көктемгі сериясының ресми ашылуы өтті.

Ойын облыстық жастар саясаты басқармасының «Зияткер жастарды дамыту» жобасы аясында ұйымдастырылған. Бұл жоба студенттік «Жарыссөз» турнирі, буккроссинг, ескі кітаптар мен жаңа басылымдар көрмесі, сондай-ақ, жоғары оқу орындары мен колледж студенттері арасындағы «Брейн-ринг» ойынын біріктіреді. Үлкен «Брейн-ринг» турнирін мамыр айының ортасында өткізу жоспарлануда, алайда әзірге студенттер белсенділік танытар емес. Жастарға арналған осы іс-шаралар блогына облыстық әкімдік 3 млн теңге бөліп отыр.

Қаламызда «Не? Қайда? Қашан?» ойыны өткен жылдан басталған, алайда олар пилоттық режимде өткізілген еді. Енді жігіттер істі мықтап қолға алды. «Ақ Сұңқар» қоғамдық қоры мен «Work and Life» тренинг орталығы «Игра-ТВ» телекомпаниясы» ЖШҚ-ның ресми лицензиаты және өкілі атанып, ресми құқық алды. Атырауда қазір ойынның түпнұсқалық нұсқасының барлық реквизиттері мен атрибуттары бар. Басында ресейліктер лицензия үшін 3 мың доллар сұраған, алайда тренинг орталықтың коммерциялық ұйым еместігін және үлкен қаражаттары жоқ екен біліп, бірталай жеңілдіктер жасады. Лицензия иелерінің белгілі бір міндеттемелерімен қатар Атырауға белгілі білімпаздарды (знаток) шақыру құқығы бар. Егер демеушілер табылса, біз нақ шеберлердің ойынын өз көзімізбен көре аламыз.

Ойынның осы маусымына 18 команда (108 адам) қатысады. Маусым төрт серияға (көктемгі, жазғы, күзгі, қысқы) және жыл финалына бөлінеді. 12 команда көктемгі-жазғы ойындарға тіркеліп қойды.

Жүлде қоры 1 млн теңгені құрайды (қатысушылардың жарнасы мен облыстық әкімдіктің қаржысы).

- Жарнаны біз ойыншылардың жауапкершілігін арттыру мақсатымен енгіздік. Өткен маусымда, мысалы, бір команда ойынға мүлдем келмей қалса, кейде командалар құрамы түгел болмай жүрді, - дейді ұйымдастырушылардың бірі Нұрлан АЗАМАТОВ. – Маусымдар қорытындысы бойынша үздік ойыншылар 50 мың теңге алады, осындай сомаға финалда үздік сұрақ авторы иелік етеді. Ал егер финалда ойыншылар командасы көрермендерге жеңілсе, жеңіс әкелген сұрақтың авторы 100 мың теңге алады.

Ұйымдастырушылар сұрақтар дайындауда біраз қиыншылықтарға тап болып жүр. Әлеуметтік желілерде бірнеше ай бұрын жарияланғанына қарамастан, небары үш сұрақ келген. Мүмкін бұл сұрақтарға белгілі бір талаптар қойылатындықтан шығар: жауап іздегенде көрермендер де, ойыншылар да ләззат алатындай ерекше сұрақтар болуы керек. Әзірге интернеттегі «НҚҚ» («Не? Қайда? Қашан?) базасы көмектесіп тұр. Онда ойын құрылғаннан бері көрермендер жіберген сұрақтар жиналған.

Көктемгі серияны Айтжан ЫСҚАҚОВТЫҢ (4:6 есебімен көрермендерден ұтылды), Әлішер БЕРДІМҰРАТОВТЫҢ (6:2) және Ерлан ҚАСЫМНЫҢ (6:3) командалары бастады.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

Суретті түсірген автор

14 мамыр 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.