Атырау, 23 қараша 06:07
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

​Орловта Боран Нысанбаевты біледі

9 172 просмотра

Image 09 мамыр қарсаңында Индер ауданының делегациясы Кеңес Одағының батыры Боран Нысанбаевтың ерлік жасаған жеріне бару үшін Орлов облысына жол тартты.

Бұл жерде Лески деревнясы үшін болған айқаста ұмытылмас ерлік жасаған қазақстандық батыр туралы естелікті құрмет тұтады екен. Сол жерде мемориалдық тақта орнатылып, екі мектеп Боран Нысанбаевтың атымен аталады. Мұражайларда оған арналған экспозициялар бар. Жергілікті өлкетану үйірмесі біздің батыр жерлесіміз жөнінде көптеген ақпараттар жинапты. Ал оның жетекшісі РСФСР-ға Еңбек сіңірген мұғалім, Қазақстан ағарту ісінің озаты, соғыс ардагері Александр Матвеевич Акулинин Б. Нысанбаев жөнінде «Ерлік туралы естелік» («Подвиг и память») атты кітап жазыпты. Бұл кітапты автор биыл Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа тарту етті және оның жоғары бағалауына ие болды.

Орлов өңірінде бізді ескі таныстарымыз қарсы алып, үлкен қонақжайлық көрсетті. Бұлай айтатын себебім, достығымыз 1965 жылы басталған еді. Біздің мектебімізде Орлов облысымен хат жазысып, барып тұру дәстүрге айналды. Міне, биыл да делегация құрамында мен және бір кездері Боран Нысанбаев білім алған мектепте оқитын оқушым болды.

Бұл киелі жерде қарапайым сөзбен сөйлеу мүмкін емес. Ойға Роберт Рождественскийдің мына өлең жолдары оралады:

"Люди, помните! Через века, через года,- помните!
О тех, кто уже не придет никогда - помните!
Не плачьте! В горле сдержите стоны, горькие стоны.
Памяти павших будьте достойны! Вечно достойны!"

Г. Шабдирова, Индер ауданы, Көктоғай ауылы, Б. Нысанбаев атындағы орта мектептің мұғалімі

14 мамыр 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.