Атырау, 21 желтоқсан 18:12
 ашықВ Атырау -2
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Спорт жаңалықтары

3 266 просмотра

Карате

Image 1Астраханда кекушинкай карате-додан «Каспий Кубогы» бүкілресейлік турнирі өтті.

60 келіге дейінгі салмақта Аманат Еділбаев «алтын» иеленді. Аманат сәуір айында Қазақстан чемпионы атанып, Ресейдің Оңтүстік федералды округінің ашық біріншілігінде жеңімпаз атанғанын атап өткен жөн.

А.Еділбаев кекушинкай карате-додан Батыс Ресей ұйымының президенті Виктор Беловпен бірге.


Бильярд

«Ақ Орда» мейрамханасының бильярд залында бильярдтан Фархат Бекеновты еске алуға арналған VIII республикалық турнирдің екінші кезеңі өтті.

Турнирдің бас төрешісі Ж.АЙМҰРАТОВ:

- Биыл турнир төрт кезеңнен тұрады. Алғашқы «Еркін пирамида» санатындағы кезең ақпан айында «Әсел» бильярд залында өтті. «Аралас пирамида» санатында екінші кезең «Ақ орда» бильярд залында болды. Бұл кезеңде 38 спортшы сайысқа түсті. 1-орынды Асыланбек Ахметов, 2-орынды Жеңіс Жанмолдин алып, 3-орынды Сергей Кан мен Саламат Досов бөлісті. Үшінші кезең - «Қозғалмалы пирамида» қыркүйекте өтеді. Ал жыл соңында қорытынды турнир ұйымдастырылып, онда ең көп ұпай жинаған 16 спортшы күш сынасады.


Дзюдо

Атыраулық дзюдошы, 4-БЖСМ шәкірті Айболат Ыстыбай сәуір - мамыр айларында Тверь мен Берлинде өткен Еуропа кубогының екі қола медалін жеңіп алды.

Берлинде Айболат алты белдесу өткізді. Жартылай финалда ресейлікке есе жіберіп, «қола» үшін болған айқаста Нидерланды өкілін тізе бүктірді.

Оралда дзюдодан Кеңес Одағының батыры Мәншүк Мәметованы еске алуға арналған шеберлер арасында турнир өтті.

Атырау облысының намысын 15 дзюдошы қорғады. Нәтижелер төмендегіше: ерлер - Наурызбек Майлашев («күміс»), Кенжебек Күзембаев және Ержан Қабделов («қола»); әйелдер - Фаиза Әділбаева және Эльмира Самиғоллаева («алтын»), Анель Сүлейменова («күміс») және Саида Қапсалықова («қола»).

Батыс Қазақстан облысының Ақсай қаласында 2001-02 ж.т. ер балалар мен қыздар арасында дзюдодан облыс чемпионы Жангелді Хисметовты еске алуға арналған республикалық турнир өтті.

Бұл турнирде 1-ОРМБЖСМ шәкірттері командасы жақсы өнер көрсетті. Қыздар арасында Тілекші Дүйсенова («алтын») және Карина Мұқашева («күміс»), ер балалар арасында Құрал Саталиев («алтын»), Мейрамбек Жұмасейіт («күміс»), Темірлан Өтегенов және Сәлімжан Сағитжанов («қола») көзге түсті. Спортшыларды Т.Мұқанов, Ж.Қиянов және Е.Раушанов жаттықтырады.


Хоккей

Image 3Мұз сарайында 2002-2005 ж.т. жасөспірімдер арасында хоккейден Жеңістің 70 жылдығына арналған республикалық турнир өтті.

Турнирге ақтаулық «Каспий», Орал қаласынан «Батыс», Атыраудан екі команда – «Бейбарыс-1» және «Бейбарыс-2» қатысты. Турнир қорытындысы бойынша 1-орынды «Бейбарыс-1», 2-орынды «Каспий» алып, «Батыс» үшінші орынға табан тіреді. «Бейбарыс-1» құрамында Аман Насимов, Алексей Абакумов, Данила Пениди және қорғаушы Бектас Дәулетов үздік ойыншылар атанды.


Кикбоксинг

Image 2К.Кереева мен Д.Юсупов. Таразда 1997-98 ж.т. жастар арасында кикбоксингтен Қазақстан чемпионаты өтті.
Облыстан жарысқа 10 спортшы қатысты. Үшеуі жүлде алды. 65 келіге дейінгі салмақта Көркем Кереева «алтын», Алтынбек Амангелдиев (63,5 келіге дейін) пен Азамат Ақпалиев (71 келіге дейін) «қола» иеленді. Спортшыларды Д.Юсупов, М.Рыспаев, М.Сарымолдиев жаттықтырады.



Самбо

Image 0Орал қаласында 1999-2000 ж.т. ер балалар мен жасөспірімдер арасында самбодан ҚР спорт шебері Мейрамгүл Рахметованы еске алуға арналған республикалық турнир өтті.

Атырау намысын 1-БЖСМ және 4-БЖСМ-нің 17 шәкірті қорғады. Өз салмақ дәрежелерінде Мәдениет Құлманов, Асқар Есбосынов, Айзада Қырықбаева және Ерасыл Әлжанұлы жеңімпаз атанса, Абылай Құлман, Нұрсұлтан Құрманәлі, Расул Жақсығали, Эльдар Якупов, Нұрсұлтан Әбуов және Нұрбек Батырғали «қолаға» қол жеткізді. Барлығы да ҚР спорт шеберлігіне үміткерлер атанды.


Кір тасын көтеру

Image 4Кір тасын көтеру спортынан әлем чемпионы, №21 мектептің дене тәрбиесі мұғалімі Евгений УХОВ (суретте) 16 келілік кір тасын көтеруден әлемдік рекорд жасады.

Бұл оқиға 3 мамырда «Мұнайшы» орталық жүзу бассейнінің тренажер залында орын алды. 61 жастағы атлет кір тасын 1 630 рет көтеріп, өткен жылдың басында өзі жасаған рекордты (530 рет көтеру) жаңартты. Спорт ардагері рекордты Ұлы Отан соғысында қаза болғандарға арнады.

ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Игорь МЫРҒАМБАЕВ рекордтың куәгері болды:

- Ол бұдан да көп көтере алар еді. Мен оны тоқтаттым. Қалай дегенмен де, жасы 61-де ғой, аз емес... Содан кейін пульсін тексергенмін – 76 рет соғып тұр. Евгений рекорд жасағанмен, шаршамапты.

Сурет "АЖ" мұрағатынан алынды


Жүгіру

Дене тәрбиесін дамыту өңірлік орталығының қолдауымен Жайықтың жағасында 1999-2000, 2001-02 ж.т. мектеп және колледж оқушылары арасында «Көктемгі кросс» өтті.

Жүгіруге 162 адам қатысты. Жоғарғы жас ерекшелік тобында жеңіс тұғырына келесілер шықты (сәйкесінше 1 – 3 орындар): ер балалар - Иван Лачугин (Индер), Мерей Құрманғазы (№20 мектеп), Аймат Жұмаев (Ф. Оңғарсынова атындағы мектеп); қыздар - Жансая Қабақ (Амангелді атындағы мектеп), Орынгүл Идиятова (Индер), Әйгерім Хамитова (Амангелді атындағы мектеп).

Төменгі топта жүлделі орындар келесідей бөлінді: ер балалар - Медет Қайыржанов, Дәулет Бакетов, Жалғас Қиратов (бәрі Индерден); қыздар - Ақбота Жағыпар, Айдана Сапидолла (екеуі де Амангелді атындағы мектептен) және Екатерина Ларионова (Индер). Әділжан Мұқтағалиев, Қасымжан Жұбанов (екеуі де Индер), Алла Ерофеева (№12 мектеп) және Наталья Шевченко (№22 мектеп) «Жеңіске деген жігері үшін» сыйлығымен марапатталды.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

14 мамыр 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.