Атырау, 28 қараша 11:37
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

​Индердегі ат бәйгесі

5 176 просмотра

Image 0Болат Еділов Индер ауданында Жеңістің 70 жылдығына арналып ат жарысы ұйымдастырылды.

21 шақырымға арналған аламан, тоқ бәйге, атан жарыстары өтті. Алғаш өткен тоқ бәйге жарысында 17 аттың бағы сыналып, бірінші орынға тігілген 100 мың теңгені Индер ауданы Өрлік ауылы тұрғыны Сәулен НҰҒМАНОВТЫҢ «Шайтанқарасы» қанжығасына байлады. Аламан жарысына 21 ат қосылды. Сыйақыға 500 мың, 250 мың, 150 мың тігілді. Бас бәйгеге Батыс Қазақстан облысының шабандозы ие болса, екінші орынды Индер ауданы Есбол ауылы атынан жарысқа түскен Еділ Оразовтың аты иеленді. Шабандозы - Болат Еділов. Ал атан жарысында 100 мың теңгені Жарсуат ауылының тұрғыны Қанат ТӨЛЕГЕНОВТІҢ «қоңыр» атаны иеленді, шабандозы - Аймұрат Бағытжанов.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

14 мамыр 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.