Атырау, 28 қараша 11:49
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Атырауда жеке сектордан 500 адам қауіпсіз жерге көшірілді

2 987 просмотра

Image 013 мамырда Атырау қаласындағы қауіпсіз жерге көшірілгендер саны 500 адамға жетті, деп хабарлайды Атырау облысының Төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті. Олардың басым бөлігі жеке сектордың тұрғындары.

Кеше әлеуметтік желілерде Дамбы селосы суға кетті деп тараған ақпаратты ТЖД бастығының орынбасары Марат ҚҰРМАНОВ теріске шығарды.

- Мұндай ақпарат түскен жоқ, бұл арандату.

- Нөсерден анағұрлым көп зардап шеккен қаладағы аудандарын атасаңыз.

- Негізінен жеке секторлар – бұлар Геолог, мал базары, ескі базар, Бірінші учаске... аудандары.

- Редакцияға Сарықамыс ауданындағы оқырмандардан көшелерді су басқан суреттер келіп түсті. Суретке қарағанда, су деңгейі 20-30 см-ге жетеді.

- Ол жақта суға кеткен баспаналар жоқ. Біз әзірге үйлер зардап шеккен аудандарда жұмыс жасаудамыз.

- Сіздің мәліметіңіз бойынша қанша үй мен аулалар суға кеткен?

- Су кіріп кеткен үйлер – 42. Аулалар – 252.

- Бұл Атырау бойынша барлық мәлімет пе, ал облыстағы ахуал қандай?

- Аудандарда бәрі тыныш. Облыс орталығы ғана зардап шекті.

- Таяу күндерде бізді қандай ауа-райы күтіп тұрғаны туралы сізде нақтыланған ақпарат бар ма?

- Ауа-райын болжаушылар аптаның аяғына дейін найзағай мен жауын-шашын болады деп болжап отыр.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

13 мамыр 2015, 12:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.