АСТАНА. ҚазАқпарат - Егер АҚШ Гавананы лаңкестікке демеушілік жасайтын елдердің тізімінен ресми түрде алып тастаса, 29 мамырдан кейін екі ел арасында елшілік байланыс орнауы мүмкін, деді Куба елінің қазіргі көшбасшысы Рауль Кастро мәлімдеді.
Өйткені, 29 мамырда Барак Обаманың Кубаны аталған тізімнен алып тастау туралы шешімін АҚШ конгресі талқылайтын 45 күндік мерзім аяқталады.
«Бұл әділетсіз айыптау алынған кезде ғана Елшілерді тағайындай аламыз», - деді Кастро.
14 сәуірде Обама Кубаны лаңкестікке демеушілік жасайтын елдердің тізімінен шығару туралы шешім қабылдаған. Бұл тізімге сондай-ақ Сирия, Иран және Судан елдері кіреді.
Дереккөз: inform.kz