Атырау, 17 мамыр 15:50
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +15
$ 441.58
€ 480.00
₽ 4.86

​Жауын-шашынға байланысты сабақ тоқтатылды (+толықтырылды)

3 854 просмотра

Қалалық білім бөлімінің басшысы Нұрсәуле САЙЛАУОВА 12 мамырда жауын-шашынның мол жаууына байланысты бір күнге Атырау қаласындағы мектептер мен балабақшаларда сабақ тоқтатылғанын хабарлады.

13 мамырда мектептер мен балабақшалар жұмыс істей ме? Бұл туралы қалалық білім бөлімі 12 мамыр күні кешке хабарлауға уәде берді.

Қалалық білім бөлімінің басшысы Нұрсәуле САЙЛАУОВА хабарлағандай, ертең, 13 мамыр күні Атырау қаласының мектептері мен балабақшаларында сабақ болады.

Одан бөлек, қалалық білім бөлімі ертең эвакуациялық шаралар жүргізуге байланысты ата-аналар балаларын мектепке туу туралы куәлігімен бірге жіберулері тиіс деген алыпқашпа әңгімені жоққа шығарды. Сондай-ақ, Н.Сайлауова бүгін күндіз мектептердің біріндегі суға толы құдыққа бір оқушының құлап кеткендігі жөніндегі әңгімені де жоққа шығарып отыр.

Мұрат СҰТАНҒАЛИЕВ

Суретті түсірген автор

12 мамыр 2015, 11:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.