Атырау, 18 мамыр 10:24
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +20
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Жастар театрына іріктеу жүріп жатыр

3 987 просмотра

Image 0Атырауда «Жастар» әуесқой театрының әртісі болғысы келетін 14-29 жас аралығындағы жастарга кастинг жарияланды.

Бастама қалалық ішкі саясат бөлімінің тапсырысымен жүзеге асырылып отыр. Театр басшысы болып Махамбет атындағы драма театрының актрисасы Гүлнұр ҚАЙЫРЛИЕВА тағайындалған. Биыл үш спектаклді сахналау жоспарланып отыр. Алғашқы спектакль - «Сыйланбаған сезім» - 22 мамырда облыстық драма театрында көрсетіледі. Дайындық та сонда өтеді.

Кастинг жайында Г.Қайырлиева өзінің фейсбук парақшасында 30 сәуірде жариялады. Бүгінде 20 адам келіп тіркелген, олардың арасында жоғары сынып оқушылары, студенттер бар, жасы үлкенірек адамдар да болды.

- Маған ең бастысы адамның көзі жанып тұрса жеткілікті, - дейді Г.Қайырлиева. – Әзірге бес адамды таңдадым - өйткені, «Сыйланбаған сезім» пьесасында бес рөл бар. Ал, келесі спектакльге іріктеуге көп уақыт бөліп, арнайы сынақтан өткіземін. Әуесқой театрда жастарға жалақы немесе қаламақы төлеу қарастырылмаған. Бірақ, ісіміз алға басып, аудандарға барып, билет сатып жатсақ, содан түскен қаржыдан төлеп тұрамыз. Бірақ, бұл туралы айту ертерек.

Облыста әуесқой театрын ашу бұрыннан жоспарланған. Былтыр алғаш рет Құрманғазы атындағы мәдениет сарайында Евгений Гришковецтің «Зима» атты пьесасының желісімен «Қар жамылған гүлдер» атты спектаклі сахналанды. Рөлдерде ойнағандар – колледж, университет студенттері.

Кастинг бойынша сұрақтармен Гүлнұр Қайырлиеваның телефонына хабарласа аласыз: 8701 414 61 11.

Айнұр САПАРОВА

6 мамыр 2015, 20:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.