Атырау, 6 қазан 01:02
 ашықВ Атырау +19
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

​Қылмыстар хроникасы

2 686 просмотра

Image 0

ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәзира МҰХТАРОВА хабарлағандай, 5 мамырда Атыраудағы Огородный көшесінде полицейлер 25 жастағы Жанбай селосының тұрғыны жүргізіп келе жатқан «Мазда-636» көлігін тексеріп, жүксалғыштан 43 келі бекіре еті мен қолдан жасалған 5,5 келі қара уылдырықты анықтады. Тергеу жүргізілуде.

***

Атырау-Дамбы тас жолында Зарослый деген жерден полицейлер бортты «Газельді» ұстады. Оның рөлінде 30 жастағы Атырау тұрғыны болған. Көлік шанағынан жаңадан ауланған қаракөз салынған 30 қапшық табылды. Тексеру жүргізілуде.

***

ҚІІБ криминалдық полиция қызметкерлері 7 қаңтарда «Фольксваген-Поло» көлігіндегі дөңгелек қалпақтарын ұрлады деп айып тағылған Лесхоз ықшамауданының 60 жастағы тұрғынын ұстады. Ол басқа жаққа кетпеу туралы қолхатпен босатылды.

***

Полиция Дамбы селосының 19 жастағы тұрғынын ұстады. Ол 11 наурызда шаштаразда отырған клиенттің күртесінің қалтасынан ұялы телефон ұрлады деп күдіктелуде. Ол басқа жаққа кетпеу туралы қолхатпен босатылды.

***

Исатай АІІБ қызметкерлері Зинеден селосындағы үйлердің бірінің ауласынан 70 келіден астам бекіре еті мен жарты центнер қара балық тапқан. 50 жастағы үй қожайынына қатысты тексеру басталды.

***

«Пешной» бақылау-өткізу қосынында Жұмыскер поселкесінің 40 жастағы тұрғыны жүргізіп келе жатқан «Лада» көлігінен 15 келі бекіре еті табылды.

***

Мамырдың 1-інде күндіз Қостанай көшесінде белгісіз біреу «Лада-Ларгус» көлігінің есігін аяғымен теуіп майыстырып тастаған. Бұзақы - 33 жастағы Батыс Қазақстан облысының тұрғыны ұсталды.

7 мамыр 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.