Атырау, 18 мамыр 09:16
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +20
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

​Қазақ офицерлері туралы кітап шықты

3 360 просмотра

Image 0Атырауда Жұмабай ДОСПАНОВТЫҢ «Екінші Дүниежүзілік соғыстағы қазақ офицерлері» кітабы жарық көрді.

Бірнеше жыл бойы жүргізген зерттеу жұмысының нәтижесінде автор соғысқа қатысқан қазақ офицерлерінің саны осы күнге дейін саналған санынан әлдеқайда көп екенін дәлелдей алды. «Екінші Дүниежүзілік соғыстағы қазақ офицерлері» кітабында 8 437 есім еніп отыр. Ж.Доспанов кітап баспаға берілген кезде тағы 450 қазақ офицерінің табылғанын хабарлады. Кітап сатылымға шығарылды, одан бөлек, қаланың кітапханаларына таратылады.

Ж.Доспанов бұл еңбекке қызығушылық Атырауда ғана емес, басқа қалаларда да оянып отырғанын айтады. Автор кітапты өз қаражатына шығарған. Оның айтуынша, демеушілер табылса, таралымын көбейтуге болар еді. Кітапқа қатысты сауалдарға автор мына телефон бойынша жауап береді: 701-522-39-12

Айнұр САПАРОВА

6 мамыр 2015, 17:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.