Атырау, 28 қараша 11:54
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Көк түсті ленталарды таратады

5 714 просмотра

Image 09 мамырда Жеңіс саябағында ниет білдірушілер жаңа, қазақстандық үлгідегі «Жеңіс лентасын» тегін ала алады. Бұл туралы Атырау қаласындағы Жастар ресурстар орталығының жетекшісі Жасұлан БИСЕМБИЕВ хабарлады.

Бірнеше күннен бері біздің редакциямызға мемлекеттік ту түстес «Жеңіс лентасын» алуға ниет білдірген қала тұрғындары хабарласуда. Осынау мерекелік символды таратумен айналысқан қаладағы бірнеше жарнама агенттіктерінде, өкінішке орай, олар бітіп қалыпты. Он күн бұрын қала тұрғыны Талған АЯН жеке бастама көтерді. Ол екі досымен бірге ғаламтор арқылы 3 орам лентаға тапсырыс берген, олар таныстарының арасына әп-сәтте таратылып кеткен.

- Мен әлеуметтік желілерде Жеңіс күніне орай ленталарды тегін ұсынуға дайын екенімді мәлімдеген едім. Таныстарыма апарып, алаңда тараттым. Маған мүлдем бейтаныс жандар, тіпті қала маңындағы селолардан да адамдар келді, әлі күнге дейін қоңырау шалып, лента сұрайды, - дейді Талғат.

30 сәуірден бастап осындай акцияларды Жастар ресурстар орталығы да өткізуде: 2,5 мың лентаны бұл күндері жағалауда және қаланың жанданған көшелерінде еріктілер үлестірді. Қазір оларда тағы бір мыңдай лента қалды, оларды 9 мамырда таратып бермек.

Неліктен бұл жағдайда білім беру мекемелерінің, атқарымпаздар сүйіп айтатындай, «қамтылмай» қалғаны түсініксіз. Мәселе мынада, мектептердің барлығында Отан қорғаушылар күніне арналған шаралар басталды және 9 мамырда ата-аналар комитеті таба алғандарынша, көбінесе ескі үлгідегі қара-сарғылт түсті ленталарды сатып алып, балаларға таратады.

- Мен жақын маңдағы канцелярия дүкенінен Георгиев лентасын 80 теңгеден сатып алдым. Балам оны 2 апта мектепте тағып жүрді. Кеше мектептегілер енді бұл ленталарға тыйым салынғанын, ертең шараға балам жаңа үлгідегі лентамен келуге тиіс екендігін айтты. Мен үшін лентаның қандай түс екендігінде айырма жоқ, қаза болған жауынгерлерге деген құрмет бұдан өзгеріп кетпейді. Бірақ жаңа лентаның құны 350-ден 500 теңгеге дейін деседі, оны қайдан табатынымды білмеймін, - дейді қала мектептерінің бірінің оқушысының анасы. Облыстық білім беру басқармасындағылар бұл жағдайға түсінік беруден бас тартты.

- Білім беру министрлігінен мерекелік ленталардың түсі мен дизайнына қатысты ешқандай нұсқау келген жоқ, ата-аналардың шағымдарына қатысты қалалық білім бөліміне хабарласыңыз, - деп мәлімдеді облыстық білім беру басқармасы бастығының орынбасары Зылиха ДҮЙСЕКЕНОВА.

Қалалық білім беру бөлімінің бастығы Нұрсәуле САЙЛАУОВА шұғыл жиналыс өтетіндігін желеуретіп, ол да қысқа қайырды: қалалық білім беру бөлімі балаларға ескі үлгідегі ленталарды тағуға тыйым салған, алайда дереу қазақстандық ленталарды сатып алуға нұсқау бермеген.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

6 мамыр 2015, 16:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.