Атырау, 18 мамыр 09:17
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +20
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

​Ақылды спортшылар

2 173 просмотра

Image 1«АРЕС Petrotechnic» жоғары техникалық мектебінің ғимаратында «Синергия-2015» облыстық студенттер командаларының байқауы өтті.

Ұйымдастырушылар – облыстық жастар саясаты басқармасы мен АРЕС Petrotechnic жоғары техникалық мектебі – оны ғылым, спорт, шығармашылық және өзін өзі басқару саласындағы тәжірибелерін бөлісетін алаң ретінде, жарыс ретінде ойлап тапты. Оған АМУ мен 8 колледжден 9 команда қатысты. Бірінші күні армрестлингтен, бильярд, мини-футболдан турнирлер өтсе, екінші күні «Жас ғалым» ғылыми сынақтар байқауы басталды.

Атырау инженерлік-гуманитарлық институты колледжінің студенті Азамат ҒҰМАРОВ өзінің «Үздіксіз қоректендіру көзі» құрылғысын таныстырды. Сол колледждің студенті Александр САКСОНОВ қазылар алқасына «шағын зарядтау құрылғысын» ұсынды. Әрине, мұндай құрылғылар сатылымда бар, алайда олар қымбат тұрады, ал, Александр қарапайым «Крона» батареяларымен телефонды зарядтап жүр екен.

Атырау политехникалық колледжінің студенті Абыз АСЫЛХАН мен Орынғали АХМЕТҰЛЫ керек емес заттарды қолдана отырып, пластик бөтелкелерден помпалы қару жасап шығарыпты. Шынаргүл ОҢДАҒАНОВА папье-машеден көркемдігі көз тартатын күн жүйесінің макетін жасады.

Image 0

Барлық қатысушыларды неміс физигі, эскпериментті акустиканың негізін салушы Эрнест Хладнидің дірілдейтін тақтайшалар мен түрлі газдарға арналған дыбыс жылдамдығын есептеуге қатысты зерттеулерін шығармашылықпен дамыта білген «АРЕС Petrotechnic» студенті Нұрбек САТАНҒҰЛОВТЫҢ эксперименті қатты қызықтырды.

Содан кейін «Таланттар арамызда жүр» тақырыбында түрлі шығармашылық бағыттар бойынша байқау болды.

Қорытындысында спорттық жарыстарда бірінші орынды «АРЕС Petrotechnic», екінші орынды политехникалық колледж, үшінші орынды аграрлы-техникалық колледж алды. Ғылым саласында да АРЕС үздік болып танылды, екінші – инженерлік-гуманитарлық колледж , үшінші орынды политехникалық колледж иеленді. Шығармашылық байқауда Қ. Дүтбаева атындағы гуманитарлық колледж жеңіске жетсе, АМУ екінші орынды, АРЕС үшінші орынды алды. «Синергия-2015» Гран-приі байқау иелері – АРЕС мектебіне бұйырды.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

7 мамыр 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.