Атырау, 28 қараша 10:43
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

​Естелік қабырғасынан орын қалдырады

2 098 просмотра

Image 0Атырауда соғыс жылдары Гурьев-Астрахан теміржолын салушыларға ескерткіш тұрғызылатын болады. Бұл туралы Коммуникациялар қызметінің Атырау филиалында өткен баспасөз конференциясында облыстық соғыс және еңбек ардагерлері кеңесінің төрағасы Қатимолла РИЗУАНОВ хабарлады.

Белгілі болғандай, 9 мамырда Жеңіс саябағында соғыстан оралмаған жерлестерімізге арналған естелік қабырғасы ашылмақ. Тізімді жасау жұмыстары іздеушілермен, қаза болған жауынгерлердің туыстарымен және жергілікті билікпен бірлесіп жүргізілді.

- Бірақ бұл тізім әлі де толығатын шығар, біз қабырғадан орын қалдырдық. Соғысқа біздің облысымыздан 43 мыңдай адам кетті, көпшілігі оралмады, бәрінің бірдей тағдыры белгілі емес, - дейді Қ.Ризуанов. Бұдан басқа, ауған соғысы жауынгерлері мен саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткіш ашылмақ. Теміржол құрылысшыларына арналған ескерткішке келер болсақ (бұлар негізінен қариялар, әйелдер мен жасөспірімдер) – макеті әзірленіп, мемориал үшін орын таңдалуда.

«Батыс» өңірлік қолбасшылығының өкілі Мерген ҚАПАШЕВ 7 мамырда Отан қорғаушылар күні қалай тойланатындығын әңгімеледі. Драма театры алдында әскери техника байқауы өткізіліп, содан кейін әскерилер маршпен ән айтып қала көшелерінің бойымен өтеді. М.Қапашевтің айтуынша, әскер қатарына шақырылушылардың көпшілігі міндетті мерзімдерін аяқтаған соң келісімшарт бойынша қызмет етуге қалады екен.

- Келісімшарт жасаушының төменгі жалақысы – 70 мың теңге, оған қоса 30 мыңды баспананы жалға алғаны үшін көмек ретінде алады. Әскерилердің жыл сайын отбасыларымен медициналық тексеруден өтуге құқылары бар. 10, 15 және 20 жыл қызмет еткеннен кейін оларға белгілі бір өтемақы тиесілі. Әскерилердің балалары ата-аналарының қызмет ететін жерлері бойынша балабақшалар мен мектептерден кезексіз орын алуға құқылы, - деп әңгімеледі Қорғаныс істері жөніндегі департамент өкілі Марат ІЗМАҒАМБЕТОВ.

9 мамыр күні ымырт түсуін күтпестен гүлдерді жинап тастап, қала тұрғындарының сезімдерін қорлайтын қалалық қызметтердің этикаға сай емес әрекеттері туралы журналистердің сұрағына жауап бере отырып, ардагерлер кеңесінің төрағасы:

- Мен адамдардың батырларға құрмет ретінде Мәңгі алауға апарып қоятын гүл шоқтарын ең болмағанда мереке күндері қалдыруды қолдаймын, - деп мәлімдеді.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

Суретті түсірген автор

6 мамыр 2015, 12:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.