26 сәуірде кезекті президенттік мерзімге сайланған Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ Бақтықожа ІЗМҰХАМБЕТОВТІ Атырау облысы әкімінің лауазымында қалдырды. 4 мамырда облыстық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында депутаттар бұл шешімді ресми бекітті.
Жаңа-«ескі» лауазымдағы облыс әкімі таныстырылғаннан кейін ол қолдағандары үшін депутаттарға алғыс білдірді, сондай-ақ, журналистердің сұрақтарына жауап берді.
- «Первомайский» ЖШС қаржының бюджеттен бөлінетіндігіне қарамастан сүт бағасын көтеріп жіберді...
- Сүт аса қымбаттаған жоқ. Баға сапаның артуына байланысты аздап көтерілген. Біз биыл «Первомайский» ЖШС үшін тағы 500 сиыр сатып алып, оларды мың басқа дейін жеткіземіз. Біз «Гидропоника» атта жаңа жүйені құрдық – бір күн ішінде ол анағұрлым қымбат тұратын азықты алмастыратын он тонна жасыл масса береді. Жүйе өзін толықтай ақтады. Бұл Қазақстандағы үздік жобалардың бірі.
Бір мысал келтірейін. 2003 жылы энергетика және минералды ресурстар министрінің орынбасары болып тұрған кезде мен еліміздің оңтүстік өңірлерін батыс Қазақстанның газымен қамтамасыз ететін «Бейнеу-Базой-Шалқар-Самсоновка» газ құбырын салу жобасын ұсындым. Қазір газ құбыры салынуда. Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Алматы облыстарының тұрғындары кешікпей өздерінің қазақстандық газімен қамтылатын болады.
Атырау тұрғындарын сүт өнімдерімен қамтамасыз ету жобалары да осы секілді маңызды. Жоба мультипликативтік нәтижеге ие. Мұндай жобалар тек Атырауда ғана жүзеге асырылып жатқан жоқ, фермалар бүкіл Қазақстан бойынша салынып жатыр. Тек олар бізде жақсырақ. Облысымызда ең заманауи технологиялар қолданылады, сондықтан біз «Первомайский» ЖШС-інің сүт фермасын біздің қонақтарымыздың барлығына көрсетеміз.
- Азғырдың болашағы қандай?
- Азғыр – біздің стратегиялық өңіріміз. Сондықтан біз осы бағытта газ құбырын жүргізу жобасын жүзеге асыруды бастаймыз. Ағымдағы жылы құрылысты бастауды жобалап отырмыз. Бұл экономикалық тұрғыда мақсатқа сай емес, біз бұл ақшаны тез қайтара алмаймыз, бірақ бұл әлеуметтік тұрғыда қажет. Азғырдан адамдар көшіп кетіп жатыр, бес-он жылдан кейін өңірде тұрғындар қалмайды. Бұған жол беруге болмайды. Біздің мәліметтеріміз бойынша, жобаға бюджеттің 10 млрд теңгесі жұмсалмақ.
Жазып алған Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ