Атырау, 25 қараша 18:20
 ашықВ Атырау -4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Мұхаммед пайғамбар карикатуралары көрмесі маңында оқ атылды

2 425 просмотра

Image 0АҚШ-тың Техас штаты Гарленд қаласында Мұхаммед пайғамбар карикатуралары қойылған көрме орналасқан маңда екі ер адам оқ атты.

Гарленд қаласы билігінің мәлімдеуінше, екі ер адам өнер орталығындағы көлік тұрағында тұрған қауіпсіздік қызметінің өкілдеріне оқ атқан. Полицейлер қарсы оқ атып, екі адамның да көзін жойған.

Көрмені American Freedom Defense Initiative қоры ұйымдастырған. Көрмеге қойылған Мұхаммед пайғамбарды бейнелеген ең үздік картинаға 10 мың АҚШ доллары көлемінде сыйақы тағайындалған.

Бұған дейін Мұхаммед пайғамбарды карикатураға салу оқиғалары Еуропа елдерінде де болып, бірқатар мұсылман елдерінде ол қарсылыққа ұшыраған.

Қаңтар айында Парижде Мұхаммед пайғамбарды карикатураға салған француздың сатиралық Charlie Hebdo журналы кеңсесіне шабуыл жасалып, 12 адам қаза тапқан.

Дереккөз: Азаттық радиосы

4 мамыр 2015, 10:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.