Атырау, 28 қараша 10:55
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Қолданылған шприцтерден абай болыңыз

2 548 просмотра

Image 1

раудағы ВИЧ/СПИД-тің алдын алу және онымен күрес орталығының қызметкерлері көктемде инені және шприцтерді түйреп алу қаупі артатынын атап өтті. Саяжай жұмыстары, сенбіліктер, көшедегі балалар ойыны өзіндік қауіп факторына айналған.

- Мен қолыма қолғап киіп, былтырғы қураған жапырақтарды пакетке жинап жүрген едім. Жапырақтардың арасында шприц бар екен, қолымды түйреп алдым, - дейді оқырмандарымыздың бірі телефон арқылы. – Енді мүмкін оның ішінде ВИЧ бар шығар деп қауіптеніп жүрмін...

Image 0ВИЧ/СПИД-тің алдын алу және онымен күрес орталығының эпидемиологиялық бөлімінің меңгерушісі Гүлнәр ОМАРОВА атап өткендей, бірнеше жыл бұрын осындай жағдай орын алған екен. Сол кезде құммен ойнап жүрген сәбиге қолданылған шприц кіріп кеткен.

- Осы жағдайдың екеуі де – ауру жұқтыру қаупін анықтау үшін шұғыл арада тексеруден өту үшін негіз болады, - дейді Г.Омарова. – Зардап шегуші неғұрлым ертерек келсе, соғұрлым жақсы болады. Мұны 72 сағаттан кешіктірмеген жөн, сол кезде бұл жағдайды антиретровирусты препарат құтқара алады.

Мамандар түсіндіргендей, Орталықта адамдар өздерінің иммундық мәртебесін білу үшін ВИЧ-инфекцияға шұғыл тестілеуден өте алады. Содан кейін процедураны бір және үш айдан кейін қайталау керек болады.

- Қанда ВИЧ-ке антидене әлі түзілмеген кездегі серонегативті терезе деген ұғым бар, - дейді Г.Омарова. – Инеде вирус аз болуы немесе бағына қарай, тіптен жоқ болуы мүмкін. Қалай болғанда да қайталама анализ жасау қажет. Егер шприц жапырақтар арасында ұзақ уақттан бері жатқан болса, онда оның бойындағы вирус бейтараптануы ықтимал, өйткені ағзадан тыс ол жойылады.

Егер өзіңіздің басыңызда осындай жағдай орын алса, бірден не істеу керек? Дәрігерлер жараны ағынды судың астында сабынмен жууға кеңес береді. Қанды шығармай, жараны залалсыздандырып, таңғыш байлап, Орталыққа бару керек. Құрамын анықтау үшін шприцті де ала барған жөн.

Анастасия ПАСТУХОВА

Суретті түсірген автор

4 мамыр 2015, 10:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.