Атырау, 3 мамыр 05:16
 ашықВ Атырау +18
$ 443.37
€ 474.49
₽ 4.83

Атырауда екі подполковник көпірден секірген ер адамды құтқарып қалды

2 761 просмотра

Image 030 сәуірде шамамен сағат 14-те Атырауда орталық көпірден ер адам секіріп кетті. Оқиғаға түскі үзілістен соң жұмыстарына келе жатқан облыстық ІІД-нің екі офицері куә болған.

ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәзира МҰХТАРОВА хабарлайды: «Әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары Мұрат ДИМЕГЕНОВ пен ІІД-нің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Болат ДҮЙСЕНОВ түскі үзілістен соң кеңсеге келе жатқан. Орталық көпір бойымен келе жатып ер адамның көпір таянышына мініп, төменге секіріп кеткенін көреді. Олар кардиологиялық аурухана (БСМП) ғимаратына жетіп, жағалауға жүгіреді. Дүйсенов бәтіңкесін шешіп, формасымен суға секірген. Бірнеше метр жүзіп барып, суға кетіп бара жатқан адамды жағалауға алып шығады».

Дәрігерлер өз өмірін қиғысы келген ер адамның физикалық тұрғыда зардап шекпегенін анықтады. Ол ішімдік ішкен екен. Оның мұны не үшін жасағанын анықтау шаралары алынуда.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

30 сәуір 2015, 19:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.