Атырау, 3 маусым 14:40
 дождьВ Атырау +18.3
$ 493.15
€ 574.17
₽ 6.77

Непалда жер сілкінісі салдарынан қаза болғандар саны 5,5 мың адамнан асты

2 821 рет қаралды

Image 0Непалда қатты жер сілкінісі салдарынан қаза болғандар саны 5,5 мың адамнан асты, деп хабарлайды Guardian газеті полицияға сілтеме жасап.

Бұдан бұрын 5 мыңнан астам адамның қаз болғаны және 10 мыңнан астам адамның жарақаттанғаны хабарланған болатын.

«Непал полициясы қаза болғандар саны 5500-ден асқанын хабарлады», — деп жазады газет.
7,9 магнитудалық жер сілкінісі Непалда 25 сәуірде таңертең болды. Жер сілкінісінің ошағы ел астанасы Катмандудан солтүстік-батысқа қарай 82 шақырымда болды, ошақтың тереңдігі 15 шақырымды құрайды. Күндіз кейінірек Непалда қайтадан бірнеше мәрте жер сілкінісі болды, олардың ең күштісінің магнитудасы 6,7 құрады.

Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары АА.

30 сәуір 2015, 16:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.