Батырхан ШҮКЕНОВТЫ еске алу кеші 29 сәуір күні кешке Исатай-Махамбет алаңында өтті.
Бір-бірін мүлде танымайтын әртүрлі жастағы жүзден астам қала тұрғыны бірнеше сағатта бір-бірімен дос болып кеткендей болды. Олар Батырдың «Джулия», «Отан ана», «Дожди», «Нелюбимая», «Твои шаги»... атты сүйікті әндерін шырқады.
Еске алу кешін ұйымдастыру қажеттігі жайлы шақыру бірнеше сағат бұрын әлеуметтік желілерде жарияланды. Сол уақытта редакцияға фейсбукта аккаунты жоқ Наташа есімді қала тұрғыны хабарласты. Және әншінің тыңдармандары гүл қоятын жерді ұйымдастыруды ұсынды.
- Бәрі күңіреніп отыр, оның өліміне ешкім сенгісі келмейді. Мен Батырдың фотосын басып шығарып, оны алаңның бір жеріне қойғым келеді. Адамдар сол фотоның жанына гүл апарып қояр еді. Мыңдаған адам қайғырып отыр, көңіл айтқысы келеді, бірақ қалай білдірерін білмейді.
Кейінгі үш сағатта еске алу кешіне дайындық қызу басталып кетті: қажетті форматқа рамка мен фотосын табу, оны кенепке басып шығаруға тапсырыс беру, кенепті рамкаға тарту, лакпен үстіңгі қабатын сырлау, шырағдандар мен гүлдер сатып алу қажет болды. Мұның бәрін Наташа мен оның жолдасы Женя кешкі сағат 9-ға дейін жасап үлгерді. Және уақыт пен кездесу орнын ешкіммен келісіп жатпай-ақ, Исатай-Махамбет алаңына келді.
Батырдың портреті алаңда бүгін де тұрады, ертең Алматыда өтетін жерлеу рәсіміне дейін де тұрады.
…Ол атына кір келтірмей өмірден өтті, ол шоу-бизнесте жүре отырып, оның лас заңымен жүрмеген әртістердің сирек кездесетін қатарынан еді. Оның музыкасын бағаламауға болар, бірақ, оны сыйламау мүмкін емес...
Зульфия БАЙНЕКЕЕВА
Суретті және бейнежазбаны түсірген Қанат ЕЛЕУОВ