Атырау, 3 мамыр 02:40
 ашықВ Атырау +18
$ 443.37
€ 474.49
₽ 4.83

​«Динаның» шатыры түтіндеді

2 963 просмотра

Image 0Сурет Facebook әлеуметтік желісінен алынды 29 сәуірде 11.15-те облыстық өрт сөндіру қызметінің «101» пультіне «Дина» базарындағы өрт туралы хабар келді.

Оқиға орнына қалалық өрт сөндіру депосынан төрт машина, АМӨЗ бен «АТМА-Аэропорт» кәсіпорындарынан бір-бірден өрт сөндіру көлігі келді.

ТЖД өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Жанар ҚАРЖАУБАЕВАНЫҢ айтуынша, түтін базардың негізгі жабық павильонының шатырынан шыққан. Кейін анықталғандай, шатыр астындағы электр кабелі балқыған, ашық өрт болған жоқ. Барлық сатып алушылар мен сауда жасаушылар эвакуацияланды. Шатырдың бір бөлігін ашып, түтіндеген жерге дейін жеткен өрт сөндірушілер себебін жойды. Кейіннен электрмен қамту қалпына келтіріліп, базар жұмысын жалғастырды.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

30 сәуір 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.