2 мамыр күні Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына орай «Ерліктен елдік аялдамасына дейін» акциясы өткізілуіне байланысты Атырау қаласында көлік қозғалысына шектеу қойылады.
Сәтпаев көшесінің параллельді жолдарының бірінде қозғалыс уақытша тоқтатылады: Қ.Сәтпаев көшесі мен Ә.Молдағұлова көшесінің қиылысынан бастап Қ.Сәтпаев көшесінің Қ.Ерниязов көшесімен қиылысар тұсына дейінгі аралықтағы біржақты көлік қозғалысы уақытша жабылады.
Бүкіл көлік, оның ішінде жолаушылар тасымалымен айналысатыны да орталық көпірден түскен бойда Қ.Ерниязов көшесіндегі жол қиылысына дейін баратын А.Пушкин көшесімен Б.Жарбосынов көшесіне дейінгі айналма жолға бағытталады.
Басқа бағыттағы автокөлік жолдары ашық. Көлік қозғалысына шектеу сағат 09.00-ден 13.00-ге дейін жүргізіледі.
Атырау қалалық әкімдігі