Жалпықалалық сенбілік кезінде 4-БЖСМ (Геолог) спортшылары терек, үйеңкі және шағанның бірнеше көшеттерін отырғызды.
Сенбілікте Атыраудың ең титулды спортшылары да тер төкті. Олар бір қатарға өздерінің аттары жазылған көшеттерін отырғызып, бұл жерді «Атырау қаласының спорт жұлдыздарының аллеясы» деп атады. Алғаш болып бұл жерге 2008 жылғы Бейжің Олимпиадасының жүлдегері Арман Шілманов, кикбоксингтен 2013 жылғы әлем чемпионы Абзал Жүсіпов, 2013 жылғы шеберлер арасында самбодан әлем чемпионы Аманбай Қыздарбаев ағаштарын екті. Спорт мектебінің әкімшілігі талдарды үнемі суарып, жаңадан чемпион атанған атыраулықтардың қолымен отырғызылған көшеттерді көбейтуге сөз берді. Олай болса, орманға айналсын дейміз...
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ
Суретті түсірген автор