Атырау, 14 сәуір 1907
 ашықВ Атырау +10
$ 514.94
€ 583.74
₽ 6.13

АМУ студенттері іріктеуден өтті

2 585 просмотра

Image 0Х.Досмұхамедұлы атындағы АМУ-дің хор және көлеңкелер театры «Жеңіс жолдарымен» атты жастар шығармашылығының халықаралық фестивалінің іріктеу турында жеңімпаз болып танылды.

Фестивальдің байқау бағдарламасына хормен орындау, жеке вокал, музыкалық аспаппен сүйемелдеу, би, көркем сөз оқу енгізілген. Іріктеу 13 сәуірден бастап Құрманғазы атындағы Мәдениет үйінің сахнасында жүргізілді. Фестивальға қала мен облыстағы студент жастар қатарындағы шығармашылық ұжымдар мен жекелеген орындаушылар қатысты. 13-26 сәуір аралығында фестивальдің іріктеу турлары еліміздің барлық өңірлерінде өтті.

«Жеңіс жолдарымен» фестивалін ҚР Білім және ғылым министрлігінің тапсырысымен «Ұлттық Дельфий Комитеті» корпоративтік қоры өткізеді.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

30 сәуір 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.


16