Атырау, 22 тамыз 03:22
 дождьВ Атырау +21.3
$ 456.88
€ 534.64
₽ 5.47

​Марихуанамен ұсталды

2 612 рет қаралды

Image 027 сәуірде сағат 17-де ІІД-нің есірткі бизнесімен күрес басқармасының қызметкерлері «Арлан» арнайы жасағымен бірігіп, Досмұхамедов көшесінің бойында Атырау қаласының 40 жастағы тұрғыны жүргізіп келе жатқан «Лада-Приора» көлігін тоқтатты.

Көлік салонын тексеру кезінде жалпы салмағы 4 келі болатын марихуанаға ұқсайтын зат салынған 4 полиэтилен пакет табылды. Сараптама бұл заттың марихуана екенін растады. Ұсталушы уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

30 сәуір 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.