Атырау, 3 мамыр 08:45
 ашықВ Атырау +21
$ 443.37
€ 474.49
₽ 4.83

​Қылмыстар хроникасы

2 296 просмотра

Image 0

Сәуірдің 21-нде кешкісін полиция қызметкерлері Атырау-Еркінқала тас жолында «Шкода» автокөлігін тоқтатып, салоннан 3,5 келі қара уылдырық тапты. Криминалды жүк 29 жастағы жолаушыға - Атырау қаласының тұрғынына тиесілі. Тергеу жүргізілуде.

***

Сәуірдің 21-нде күндіз Зарослый каналында су полициясының қызметкерлері Құрманғазы поселкесінің 28 жастағы екі тұрғыны мінген моторлы қайықты ұстады. Қайықтан 57 келі бекіре еті мен 131 келі сазан табылды. Тергеу жүргізілуде.

***

Полиция өз танысынан – Молдағалиев көшесінің бойындағы үй тұрғынынан ноутбук, ұялы телефон, алтын әшекейлер мен 100 мың теңге ұрлады деп күдіктелген 26 жастағы Тараз тұрғынын іздестіруде.

***

Геолог поселкесіндегі мектеп ауласынан 40 көшетті ұрлаған жанның жеке басы анықталды. Ол поселкенің 57 жастағы тұрғыны болып шықты. Оның үйінің ауласында тұрған заттай айғақтар алынды.

***

Полицияға 65 жастағы зейнеткер шағымданды: 28 жастағы келіні оған тиесілі ұялы телефон мен 100 мың теңге қолма қол ақшаны қолды қылған екен. Күдіктіге іздеу жарияланды.

***

Сәуірдің 22-нде сағат 17-де Индер ауданы Құрылыс селосының маңындағы Жайық өзенінің жағасынан полиция қызметкерлері қайық, ау құралдары мен қара балық салынған 30 қапшық тауып алған. Қайық жанында болған 24-25 жастағы жігіттер ұсталды.

***

Жылыой АІІБ-не 30 жастағы ер адам шағымданды. Өткен жылдың қазан айында 31 жастағы таныс қыз одан құны 189 мың теңге тұратын ұялы телефонды «Хоум Банктен» несиеге алып беруді өтінген. Содан бері қарай бірде бір төлем жасамаған. Алаяқтық жасады деген күдіктіге іздеу жарияланды.

***

Сәуірдің 25-де кешкісін Индербор поселкесіне кірер жолда полиция қызметкерлері 43 жастағы жергілікті тұрғын жүргізіп келе жатқан «Опель-Вектра» көлігін тоқтатқан. Көліктің жүксалғышынан салмағы 3 центнер болатын жаңа ауланған қаракөз балығы табылды.

***

Сәуірдің 27-де теміржол вокзалының маңында ЖІІБ қызметкерлері 30 келі бекіре етімен 54 жастағы қала тұрғынын ұстады. ҚР ҚК-нің 339-бабы («Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ, пайдалануға тыйым салынған түрлерімен заңсыз айналысу») бойынша сотқа дейінгі тергеу ісі басталды.

30 сәуір 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.