Атырау, 28 қараша 10:44
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

​Терезеден ешкім құламас үшін

2 282 просмотра

Image 0«Бұл демалыс күні еді, барлығымыз үйде болатынбыз. Санаулы секундтарда баламызды жоғалтып алдық. Қалай қарамай қалдық, әлі күнге дейін түсінбейміз. Қасымызда жүгіріп жүргендей еді, бір сәтте далада айқайлаған дауыстар шықты... Үш жасар баламыз терезеден құлап кетті... Жолдасым екеуміз өзімізді ешқашан кешірмейміз...» - дейді көз жасын тыя алмаған Атырау тұрғыны А.К. Жеті жылдан артық уақыт өтті, жан жарасы әлі жазылар емес.

Өкінішке орай, ауа райының жылынуымен бірге оқиғалар ағынында «бала терезеден құлап кетті» деген хабарлар пайда бола бастайды. Жаз алдында біз терезедегі қорғаныс құралдарының жергілікті нарығын саралап қайттық.

Көптеген ата-аналар қарапайым шыбын-шіркейге қарсы тормен шектеледі, алайда бір нәрсеге қызыққан баланы ол тоқтата алмайды. Мұндай жағдайларға арналған арнайы тіреуіш құрылғылар бар. Олар туралы бізге терезе жабдықтарын сатумен айналысатын атыраулық компанияның өкілі айтып берді.

Кілті бар тұтқа (2500 теңгеден басталады)

Мамандардың айтуынша, бұл құралдар үлкен сұранысқа ие. Көпшілігі кілтті тұтқасы бар терезеге тапсырыс берсе, кейбірі қарапайым тұтқаны кілтпен жабылатын тұтқамен ауыстырады. Алайда терезе ашық тұратын болса, ересектер бар кезде де бала өміріне қауіпті.

Терезенің ашылуын троспен шектеуші (6500 теңгеден басталады)

Терезенің толық ашылуына жол бермейтін тросты құрылғы. Терезе тек арнайы кілттің көмегімен толық ашылады.

Кілтті терезенің ашылуын шектеуші (2000 теңгеден басталады)

Кілтті шағын құлпы бар құрылғы. Қиын ашылатын есіктерге барады. Терезенің төменгі жағына орнатылып, орынжайды желдету үшін тігінен ғана ашуға мүмкіндік береді.

Ысырма терезелерді ашуды бұғаттаушы (2000 теңгеден басталады)

Терезені осы ұстайтын құрылғының ұзындығынан артық айқара аша алмайсыз.

Кілті бар бұғаттаушы және шектеуші құрылғыларды қолданғанда мамандар сақ болып, кілтті терезеге, қол жететін жерге қалдырмауға кеңес береді. Егер қорғаныс құралдарын алуға қаржыңыз жетпесе, терезе тұтқаларын алып тастауға болады. Өз балаларын оюлы темір тормен қосымша қорғағылары келетін ата-аналар онымен терезені түгел қымтамай, тек терезенің үштен бірін немесе үштен екісін жабуына болады.

30 сәуір 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.