Атырау, 13 желтоқсан 17:28
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 522.38
€ 612.60
₽ 6.54

Аудан жаңалықтары

1 777 рет қаралды

Нарында – жаң пошта

Исатай ауданы Нарын селолық округінде жаңа пошта бекеті ашылды.

Бұл ауылда пошта бұдан үш жыл бұрын жабылып қалған болатын. Содан бері ауыл тұрғындарының аудан орталығына сабылуына тура келген.

***

Абай көшесі жөнделуде

Махамбет аудан орталығындағы Абай көшесінің 3 шақырымы күрделі жөндеуден өткізілуде.

Мердігер - «АИС» ЖШС.

***

Ардагерлер ардақталды

Жылыой, Құрманғазы, Исатай, Индер, Қызылқоға аудандарында бір топ ҰОС және тыл ардагерлеріне Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай мерекелік медальдар салтанатты түрде табысталды.

***

Арпа, бидай - ас екен

Қызылқоға ауданындағы «Жасқайрат асыл тұқымды қой зауыты» ЖШС 300 га тары, «Жігер» шаруа қожалығы 4 га күнбағыс және 24 га арпа егу жұмыстарын қолға алмақ.

Биыл барлық округ бойынша 21 га жерге егін егу жұмыстары жүріп жатыр.

***

Жасыл сенбілік

Мақат кенті мен Доссор поселкесінде бір күнгі сенбілікте демеушілікпен әкелінген 1200 түп қарағаш отырғызылды.

Енді алаңдарға газон егу жоспарланып отыр.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

30 сәуір 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.