Атырау, 28 қараша 10:37
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

​Қуаңшылық болмайды

4 722 просмотра

ҚЫЗЫЛҚОҒА

Image 0Бірнеше жылдан бері қуаңшылықты бастан кешірген қызылқоғалықтар мол көлемде келген өр суына қуанып отыр.

- Жиырма жылдан ылғалсыз қалған ащы Ойыл өзені биыл қар суына толығып, тасып жатыр, - дейді тұрғындар.

«Ералы» су торабына жеткен табиғи су 2, 8 метр деңгейге көтерілген. Тораптың ашылуына орай енді өр суы «Кезауыз-Қарабау» каналы арқылы Қарабау ауылына жетіп үлгеріпті. Каналдың пайдаланылуға берілгеніне бірнеше жыл болса да, суға толуы бірінші рет. Каналда судың жоқтығынан Қарабау ауылы мен шаруа қожалықтарының малын табиғи су көрмей ащыланып кеткен жерасты суымен суарып жүргендеріне көп жыл болған. Бүгінде канал суы Жарыпшыққан өзегі арқылы Тайсойған өңіріне де келіп жетуде. Сағыз өзені де толығып, су Мұқыр, Жантерек, Жамансор елді мекендерінің шабындықтарын қамтуда.

- Биыл табиғи су біз күткендегіден көп келді. Бұл биыл қуаңшылық болмайды деген сөз. Әсіресе, Қарабау ауылы тұрғындары осыны ойлап, қатты мазасызданып жүрген, - дейді Қызылқоға ауданы әкімінің орынбасары Бибоз ШАЯХМЕТОВ. - Кеуіп қалған шабындықтар биыл сумен толығады деген есеп жасап отырмыз. Олай болған жағдайда шаруалардың мал жаятын жері табылар еді.


ЖЫЛЫОЙ

Биыл қар суы мол келді. Дүйсеке ата көпірі тұсындағы су деңгейі 2 метрге жетіп отыр. Қамыскөл көлі де суға толды. Жем, Қосшағыл селолық округтерінің шабындықтары 90 пайызға қамтылды.

- Оншақты жылдан су көрмеген «Кеңжазық», «Ақкөл», «Қоралы» учаскелеріне де ылғал жетті. Ерте көктемде шабындықтар жолын ашып қойғанбыз, сондықтан су тез толығып үлгерді, - дейді Жылыой ауданы ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Нұртас ҚУАТБАЕВ.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

30 сәуір 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.