Атырау, 28 қараша 10:35
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

​​Ленинградты қорғаған әкесінің зиратын тапты

2 050 просмотра

Image 0Орынша АЛТЫБАЕВА Қала тұрғыны Орынша АЛТЫБАЕВА соғыс жылдарында хабарсыз кеткен әкесінің зиратын 72 жылдан соң тапты.

Орынша әжейдің әкесі Алтыбай ӘЛИЕВ майданға 43 жасында - 1942 жылдың 10 тамызы күні Жылыой ауданынан аттанды. Ол кезде Орынша 4 жаста болатын. Сол жылы ол анасынан да айырылады.

- 1942 жылы шешем қайнысы Смағұл соғыстан жараланып келе жатыр деген хабарды естіп, оны алдынан шығып күтіп алуға дайындалып, Қамыскөл көліне көйлегін жууға барғанда суға батып кетеді. Әкемнің түрі қандай болғаны есімде жоқ, өкінішке орай, фотосуреті де, оның жазған хаты да жоқ. Мен оны «бір күні келер» деп көп жыл күттім, «хабарсыз кетті» деген «қайтыс болды» деген сөз емес қой. Бірақ арада көп жыл өткен соң мен әкемнің зиратын іздей бастадым, - дейді Орынша әжей.

Оның әкесі туралы мәлімет әуелі «Боздақтар» естелік кітабынан табылады, одан соң бертінде www.obd-memorial.ru сайтынан әкесінің сүйегі Санкт-Петербордың Калинин ауданына қарасты Пискарев бауырластар зиратында жерленгендігі белгілі болады.

- Калинин ауданы әкімшілігінің басшылығы бізді жақсы қарсы алып, зират басына барып-келіп, қаланы аралауға арнайы көлік бөлді. 13 сәуірде әкемнің басына барып, туған жердің бір уыс топырағын салып, құран бағыштап келдік. Пискарев бауырластар зиратының тіркеу кітабында әкеміздің аты-жөні Алиев Алтыбад деп қате жазылған екен, біз оны түзеттік. Сонымен бірге әкеміздің 197-ші атқыштар полкінде қызмет етіп, Ленинградты қорғағанын білдік. 1943 жылдың тамызында ол қатты жараланып, госпитальге жеткізілген. Ол сол жерде 1943 жылдың 12 тамызында көз жұмған, - дейді Орынша әжей.

Айнұр САПАРОВА

30 сәуір 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.