Ресейлік "Прогресс 59" ғарыштық жүк кемесі техникалық ақауына байланысты Халықаралық ғарыш станциясына (ХҒС) жете алмады.
"Роскосмостың" хабарлауынша, 28 сәуірде Байқоңырдан ұшырылған кеме бақылаудан шығып кеткен. Кеме бортында станцияға жеткізілуі тиіс отын, азық-түлік пен басқа да жүктер болған.
"Роскосмостың" мәліметіне қарағанда, проблема кеменің антеннасынан туындаған. Мамандар қазір ақауды жөндеумен айналысып жатыр. "Роскосмос" егер "Прогресс" байланысқа шықпаса, онда ол Жерге еніп, атмосферада жанып кетеді дейді.
Мамандар бұл жолғы кеме жүкті жеткізе алмаған жағдайда да Халықаралық ғарыш станциясында келесі жүк жөнелтілгенше қалыпты жұмыс істеуге ресурс жеткілікті дейді.
Дереккөз: Азаттық радиосы