Ресей әділет министрлігі оппозицияшыл белсенді Алексей Навальныйдың Прогресс партиясын тіркеуден шығарды. Әділет министрлігі бұл шешімді партияның облыстар мен аймақтардағы бөлімдерінің кемінде жартысын тіркеу талабын орындамағандықтан шығарғанын айтады.
Прогресс партиясы 2016 жылы өтетін парламент сайлауында қастандықтан қаза тапқан оппозицияшыл саясаткер Борис Немцов негізін салған ПАРНАС саяси партиясымен альянс құруды жоспарлаған.
Навальный өзінің ресми сайтында "Мұның демократиялық коалиция құру бастамасына деген жауап екені белгілі. Прогресс партиясы саяси құрылымда қала береді. Себебі партия дегеніміз - құр қағаз жүзіндегі дүние емес, ол адамдар мен идеядан құралады" деп жазды.
Ақпан айында Кремльге жақын маңда Немцовты қастандықпен өлтіріп кеткен соң коалиция құру туралы шешім қабылданған. Ресей президенті Владимир Путиннің қарсыластары оны Немцовтың өліміне тікелей саяси жауапты деп санайды. Бірақ Кремль оппозицияны қудалағанын жоққа шығарады. Путин құқық қорғау органдарын Немцовтың өлімін соңына дейін тергеуге шақырған.
Дереккөз: azattyq.org